Қазақстан мұражайларының палеотуризмді дамытудағы потенциалы.
DOI:
https://doi.org/10.59649/2959-5185-2024-4-49-55Түйін сөздер:
палеотуризм, палеонтология, мұражай, палеонтологиялық жинақтар, туризмАннотация
Қазақстан мұражайлары еліміздің палеонтологиялық мұрасын зерделеу, сақтау және таныстыру орталықтары болып табылады. Көптеген тарихи-өлкетану мұражайларының, «Ғылым Ордасы» табиғат мұражайының және Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының палеонтологиялық залының экспозициялары фактологиялық база – палеонтологиялық олжаларды ұсыну арқылы органикалық әлемнің қалыптасу кезеңдерін көрсетеді. Бұл мұражайларға палеонтологияға қызығушылық танытатын туристерді қызықтыратын орынға айналуға мүмкіндік береді және Қазақстанда палеотуризмнің дамуына серпін береді. Қазақстан мұражайлары айтарлықтай палеонтологиялық қорға бай және ғылыми мен экскурсиялық қызмет арқылы табиғи тарихты дәріптеуде оң тәжірибеге ие.
Қазақстан Республикасы Зоология институтының палеозоология зертханасы Қазақстан палеонтологиясын зерттеу жөніндегі ғылыми орталық болып табылады. Осы зертхананың қызметкерлері Қазақстанның геотарихи кеңістігінің палеонтологиялық мұрасы бойынша ақпараттық деректер базасын құрды.