Қарусыздану аймақтарындағы туристік жобаларды ынталандырудағы халықаралық қаржы институттары мен қорларының рөлі

Авторлары

  • Алибек Болат І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
  • Айгерим Касымова І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
  • Жаксылык Акимов Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

DOI:

https://doi.org/10.59649/2959-5185-2025-2-31-40

Түйін сөздер:

қарусыздану аймағы, туристік жобалар, халықаралық қаржы институттары, халықаралық қорлар, ынталандыру шаралары, тұрақты даму, инвестициялық тетіктері

Аннотация

Бұл мақалада халықаралық қаржы институттары мен қорлардың қарусыздандыру процестері жүріп жатқан аймақтарда туристік жобаларды ынталандырудағы рөлі қарастырылады. Зерттеу барысында Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі және Еуропа қайта құру және даму банкі сияқты ірі институттардың туризмді дамытуға бағытталған қаржыландыру құралдары мен олардың әлеуметтік-экономикалық әсері қарастырылды. Зерттеу әдістері ретінде салыстырмалы талдау, SWOT-талдау, кейс-әдісі және контент-талдау пайдаланылды. Нәтижелер көрсеткендей, халықаралық институттар тарапынан бөлінетін гранттар мен жеңілдетілген несиелер қарусыздандырылған өңірлердегі инфрақұрылымды қалпына келтіруге, жаңа жұмыс орындарын құруға және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, ҮЕҰ (Үкіметтік емес ұйым) мен жергілікті қауымдастықтардың қатысуы жобалардың тиімділігі мен ашықтығын арттырады. Қарусыздандыру өңірлерінде туризмді дамыту тұрақты экономикалық өсуге, экологиялық жауапкершілікке және мәдени мұраны сақтау үрдістеріне оң әсер етеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-28

Шығару

Бөлім

Экономика, жоспарлау, туризм мен қонақжайлылықты ұйымдастыру