Туристік қызметтерді сатып алуына онлайн-платформалар мен әлеуметтік желілердегі пікірлердің тұтынушы туристерге әсері: дүниежүзілік және қазақстандық контекст
DOI:
https://doi.org/10.59649/2959-5185-2025-2-87-101Түйін сөздер:
онлайн-платформалар, әлеуметтік желілер, онлайн-пікірлер, туристік қызметтер, тұтынушы мінез-құлқы, цифрлық маркетингАннотация
Туристік қызметтерді тұтынуда онлайн-платформалардың танымалдылығының жылдам өсуін байқадық, туристер саны артып бұл туристік мекемелердің табыс табудағы негізгі тірегі ретінде қарастырудың айғағы, себебі сандық, мобильді қосымшалар арқылы қызметтерге тапсырыс беруге деген дағды артып келеді. Зерттеу онлайн-платформалар мен брондау сайттарын, атап айтқанда «Booking.com», «TripAdvisor», сондай ақ «Instagram», «TikTok», «Facebook» әлеуметтік желілерінің пайдалану жиілігін, жас ерекшелігін, көп іздейтін ақпарттар мен хэштегті талдайды. Зерттеудің мақсаты-туристік қызметті таңдауда тұтынушылар көп қолданатын онлайн-сайттар мен әлеуметтік желілерді анықтай отырып, онлайн-пікірлер мен ақпараттың сатып алу шешіміне әсерін анықтау. Зерттеуде Алматы қаласы бойынша 73 респондент қатысты. Мақаланың ақпараттық негізі шетелдік, отандық ғалымдардың ғылыми әдебиеттері, диссертациялық жұмыстары, мақалаларынан, дүниежүзілік сайттар мен әлеуметтік желі статистикалық есептері мен деректерінен тұрады. Алынған нәтижелер негізінде әлеуметтік желілер, онлайн-платформалардың туристік әлеуеттін арттыруда, маркетингтік стратегияны сандық технологияның мүмкіндіктеріне сүйеніп құру және «kazakhstan.travel», «e-Qonaq» отандық сандық қосымшаларды іске қосып арттыру маңызды, туристік ұйымдарға Қазақстандық туризмге сұранысты арттыру жолында цифрлық әлеуетті тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар жасалды.