Инновациялық менеджменттің туристік қызметтің экономикалық көрсеткіштеріне әсерін талдау
DOI:
https://doi.org/10.59649/2959-5185-2025-2-16-30Түйін сөздер:
инновациялық менеджмент, туристік экономика, инвестициялар, туризмді цифрландыру, басқару тиімділігі, экономикалық көрсеткіштер, стратегиялық дамуАннотация
Мақалада туристік қызмет саласындағы инновациялық менеджментті зерттеуге арналған. Авторлар туристік салаға инновацияларды енгізудің заманауи тенденцияларын, цифрландыру тәсілдерін қарастырады, жасанды интелект енгізу, тұтынушыларға қызмет көрсетуді автоматтандыру және маркетингтің жаңа түрлерін пайдалану сияқты негізгі инновациялық технологиялар қарастырылған. Зерттеудің негізгі мақсаты инновациялық туристік компаниялардың бәсекеге қабілеттігін арттыруға және тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға әсерін бағалау. Сондай-ақ, жұмыста туризм индустриясында инновациялық шешімдерді енгізу кезінде кездесетін кедергілер мен қиындықтарды жеңу жолдары қарастырылған. Туристік салалардың қосылған құны, туристік қызметтерді тұтыну, келушілер саны және заңды тұлғалар сияқты көрсеткіштерді қоса алғанда 2014-2022 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының туризмін дамытудың негізгі көрсеткіштеріне талдау жасалған. Мақалада «Kazakh Tourism» туристік агенттігінің пайдасы және Қазақстанның туристік қауымдастығы (ҚТҚ) қызметі туралы деректер ұсынылған. Қорытындылай келе, тұрақты дамуды қамтамасыз ету мен туристік қызметтердің тартымдылығын арттыру мақсатында туризм саласындағы инновацияларды тиімді басқару бойынша практикалық ұсыныстар тұжырымдалған