Ұлттық туристік брендті дамытудың жаһандық тәжірибесі және Қазақстан жағдайында бейімдеу

Авторлары

  • Бану Жаркенова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Ляйля Муталиева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Досмаханбет Асан Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • Анзор Девадзе Ш. Руставели атындағы Батуми мемлкекеттік университеті

DOI:

https://doi.org/10.59649/2959-5185-2025-3-35-46

Түйін сөздер:

ұлттық туристік бренд, халықаралық туристік маркетинг, брендинг стратегиясы, цифрлық коммуникация, туристік имидж, жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Аннотация

Бүгінгі таңда әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай ұлттық  туристік бренд елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда шешуші рөл атқарып отыр. Осыған орай әлемдік экономикалық ортада елдің ілгерілеуіне және жылжыуына байланысты мәселелерді зерттеудің рөлі аса маңызды бола түсуде. Тиімді ұлттық  туристік брендті әзірлеу еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, туристік индустрияның табысын өсіруге, мемлекеттік бюджетті толықтыруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететін маңызды тетік болып табылады. Зерттеу аясында С. Анхольттің «алты бұрыш» моделіне сүйене отырып Қазақстан туристік брендінің атрибуттары анықталды және елдің бірегейлігін сипаттайтын заманауи бренд моделі жасалынды, сонымен қатар Қазақстанның ұлттық туристік брендін жаһандық кеңістікте дамытуға әсер ететін негізгі мәселелеріне SWOT талдау жүргізілді. Цифрлық технологиялар саласындағы платформалар мен әлеуметтік желілер, маркетинг құралдары болып табылатын заманауи инновациялық мүмкіндіктер де зерделенді. Мақалада Сингапур, Түркия, Испания және Біріккен Араб Әмірліктерінің (Дубай мысалында) ұлттық туристік брендті қалыптастыру мен ілгерілетудегі тәжірибесі талданып, олардың тәжірибелері қаншалықты Қазақстан  үшін тиімді болатыны зерттелді. Зерттеу нәтижелері Қазақстанның туристік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін нақты бағыттарды айқындап, оны жаһандық деңгейде тиімді ілгерілету үшін стратегиялық тұрғыдан негізделген ұсыныстар жүйесін әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл ұсыныстар Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыруға, халықаралық нарықтағы тартымдылығын арттыруға және тұрақты туристік дамуды қамтамасыз етуге бағытталады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Шығару

Бөлім

Әлемде және Қазақстанда туристік бизнесті дамытудың өңірлік мәселелері