Қазақстан Республикасының мектеп білім беру жүйесіндегі дене тәрбиесінің сапасын айқындайтын нормативтік-құқықтық актілерді салыстырмалы талдау

Авторлары

  • Наталья Анатольевна Моисеева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Светлана Жұбатырқызы Отаралы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Айбек Аликей Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Лейла Серікқызы Тұңғышмұратова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Снегина Владовна Потелюнене Ұлы Витаутас университеті

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_4_69

Түйін сөздер:

білім беруді жаңғырту, білім берудің жаңартылған мазмұны, дене шынықтыру, оқу пәні.

Аннотация

Мақалада мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесі саласындағы Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесінің бағдарламалық-нормативтік негіздері, сондай-ақ соңғы онжылдықта дене шынықтыру мен спорттың дамуын айқындайтын нормативтік-құқықтық құжаттар талданады. Зерттеу барысында мектептегі дене тәрбиесінің сапасы мен мазмұнын анықтайтын нормативтік құжаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар анықталды. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлеріндегі оқушылар үшін "дене шынықтыру" пәнінің мазмұнына шынымен оң әсер еткен өзгерістерге баға берілді. Сондай-ақ, дене шынықтыру сабақтарын өткізуге, оқушылардың дене дайындығын бағалауға әсер ететін қолайсыз жағдайлар анықталды. Қазақстан Республикасының балалары мен жасөспірімдерінің дене денсаулығының мониторингтік іс-шараларын әзірлеу қажеттілігі туралы ұсыныс енгізілді.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-12-23

Шығару

Бөлім

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫНДА МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають