In, and, the Assessment of the functional load on the circulatory system of tourists when walking in mountainous conditions
Assessment of the functional load on the circulatory system of tourists when walking in mountainous conditions
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2022_1_204Keywords:
Key words: functional level, height difference, functional load, cardio tester, heart rate.Abstract
Аңдатпа. Мақалада, тау туризмінің сипаттамасы, таулы жағдайда кездесетін түрлі әсерлер, адам ағзасына қиындық тудыратын факторлар, қауіпті жағдайлар мен қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде мәләметтер берілген жәнетаулы спорттық жорықтарын ұйымдастыру және өткізу кезеңдерінде, қатысушылардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамту жолында турист-студенттердің қан айналымы жүйесіне түсетін функционалдық жүктемені бағалауды бақылау әдістері қарастырылған.
Сонымен қатар, мақалада туристердің дайындық деңгейінің айырмашылығына байланысты биік таулы жағдайына бейімделу үдерісінде дене жүктемесін орындау қабылеттілігі жөніндегі мәселелер қаралады. Стандартты дене жүктемелерін сынақ ретінде пайдалана отырып, биік таулы жағдайда ұзақ уақыт болуға бейімделуді қалыптастырудағы жекелік ерекшеліктерін зерттеу, таулы спорттық жорықты өтуге туристік топтарды жасақтауда, сондай ақ, әртүлі кәсіби әрекеттерін атқару мақсатында биік таулы аймақтарға аттанатын тұлғалар үшін үлкен теориялық қызығушылыққа және практикалық маңызға ие.
Арнайы электронды құрылғыларды пайдалана отырып, биік таулы жағдайда ағзаға түсетін дене жүктемесіне қайтаратын әсерді өлшеу, жорыққа қатысушылардың биік таулы жағдайға бейімделу деңгейін, сондай ақ,дене жағдайын қадағалауға, және жүктемелерді жоспарлау мен реттеуге мүмкіндік береді.