Дене шынықтыру және спорт жасөспірімдердің психоэмоционалдық денсаулығын қалпына келтіру және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу құралы ретінде: теориялық шолу

Авторлары

  • Айзат Молдагасимова 3 қалалық емхана ШЖҚ МКК
  • Сауле Сыздыкова Академик Е. Дәленов атындағы медицина-профилактикалық ғылыми-зерттеу институты, «Астана медицина университеті» КЕАҚ
  • Раушан Рысбекова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы
  • Гулнур Досжанова Академик Е. Дәленов атындағы медицина-профилактикалық ғылыми-зерттеу институты, «Астана медицина университеті» КЕАҚ

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2025_2_39

Түйін сөздер:

дене шынықтыру, спорт, психоэмоционалдық денсаулық, жасөспірімдер, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, депрессия, мазасыздық

Аннотация

Дене шынықтыру мен спорт жасөспірімдердің психоэмоционалдық денсаулығын қалпына келтіру және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу үшін маңызды құрал ретінде қарастырылады. Мақалада жастардың психикалық жай-күйіне дене белсенділігінің әсері туралы теориялық шолу ұсынылған, сондай-ақ физикалық жүктемелердің күйзеліс, мазасыздық және депрессия деңгейіне әсер ететін нейробиологиялық механизмдері зерттелген. Эмоционалдық жағдайды жақсартуда маңызды рөл атқаратын серотонин, дофамин және эндорфин сияқты негізгі нейромедиаторлар талданды. Спорттық іс-шараларды қамтитын қазіргі заманғы профилактикалық бағдарламалар мен осы бағыттағы халықаралық тәжірибе қарастырылады. Жасөспірімдер арасында психикалық бұзылыстардың алдын алу стратегияларына спортты енгізу тетіктері мен салауатты әлеуметтік ортаны қалыптастыру жолдары сарапталады. Дене белсенділігінің стресс, мазасыздық және депрессия деңгейін төмендетуге оң әсер ететіні дәлелденгеніне қарамастан, Қазақстан Республикасында спортты алдын алу құралы ретінде пайдаланатын мақсатты зерттеулер мен бағдарламалар жеткіліксіз. Зерттеудің мақсаты – дене белсенділігінің жасөспірімдердің психоэмоционалдық денсаулығын нығайту мен суицидтік мінез-құлықтың алдын алудағы рөлін талдау және оны алдын алу бағдарламаларына тәжірибелік тұрғыда енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу. Бұл жұмыс психология, медицина және дене шынықтыру салаларындағы заманауи ғылыми деректерге сүйенетін пәнаралық зерттеу болып табылады, сондықтан оның теориялық және практикалық маңызы зор.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-28

Шығару

Бөлім

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ