БЖСМ спорттық гимнастика бөлімінің бастапқы спорттық іріктеу деңгейіндегі мектеп жа- сына дейінгі балалардың физикалық дамуын зерттеу
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2022_1_174Түйін сөздер:
физикалық даму, мектепке дейінгі жас, спорттық гимнастика, антропометриялық көрсеткіштер, антропометриялық индекстер, физиометриялық көрсеткіштерАннотация
Ғылыми мақала Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің» алғашқы оқу жылындағы бастапқы дайындық тобына қабылданған жас гимнасттардың физиометриялық көрсеткіштер мен антропометриялық индекстерді есептеу негізінде дене бітімі типтерін анықтау, физикалық дамуын бағалау және зерттеуге арналған. Бұл факторлар балалардың спорттық гимнастикаға жарамдылық критерийлерінің бірі болып табылады
Жұмыста келесі антропометриялық көрсеткіштер қолданылды: дене бітімі үйлесімділік дәрежесін сипаттайтын Кетле ІІ индексі; дене бітімінің беріктігін анықтайтын Пинье индексі; салмақ-бой қатынасын және конституциялық дене типін анықтайтын Вервек индексі. Физиометриялық көрсеткіштердің ішінен қолдың күшін (оң және сол) анықтайтын динамометрия әдісі пайдаланылды.
Зерттеу нәтижесінде спорттық гимнастика бөліміне қабылданған қазіргі мектеп жасына дейінгі қыз балалардың дене дамуының ерекшеліктері анықталды.