Ауыл мектептеріндегі дене тәрбиесі және спорт нәтижелеріне әсер ететін сыртқы факторлерді салыстырмалы талдау
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2025_1_112Түйін сөздер:
мектеп жасы, ауыл мектебі, дене тәрбиесі, спорт, спорттық жетістіктер, факторлар, «Серпін» бағдарламасыАннотация
Ғылыми мақалада мектеп жасындағы оқушылардың және сол оқушылардың жоғарғы білім алу бағдарламасы бойынша университетте білім алу кезеңіндегі дене тәрбиесі мен спорттағы жетістіктеріне әсер ететін сыртқы факторлар талданған. Спорттағы жетістік көпфакторлы екенін ескере отырып, дене мәдениеті және спорт саласының ауыл мектептері және жоғарғы оқу орнындағы заманауи күйі анықталған. Спорттық жарыстарға қатысу деңгейі, сабақ өткізу сапасы, мұғалімнің кәсіби деңгейі, материалды-техникалық жабдықтау және тағы басқаларын факторлы талдау арқылы кері әсер ету деңгейі анықталып, болдырмау жолдары қарастырылған. Әлеуметтік зерттеуге Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университетінде «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қазақстанның Оңтүстік және Батыс облыстарынан (Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау облыстары) келген педагогикалық мамандықтарының студенттері қатысқан. Таңдалған респонденттердің 75 пайызы ауыл мектептерінен келгендер. Мектеп оқушыларының дене шынықтырумен айналысу мотивін қалыптастыру арнайы ұйымдастырушылық формаларды, дене тәрбиесінің құралдарын, әдістерін қолдану факторларымен тікелей байланысты екендігі анықталды.