ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУДА ОЛИМПИАДАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҮЙЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2022_1_30Түйін сөздер:
олимпиада ойындары, олимпиадалық білім беру, олимпиадалық білім беру құралдары, дене шынықтыру және спортАннотация
Мақалада жоғары білім беру жүйесінде «дене шынықтыру және спорт» мамандарын даярлауда олимпиадалық білім беру жүйесін ұйымдастыру тәжірибесі берілген. Олимпиадалық білім берудің әртүрлі нысандарын, құралдарын және әдістерін тәжірибеге енгізу, олимпиада идеалдарымен, құндылықтарымен таныстыру, олимпиадалық білімді арттыру, «дене шынықтыру және спорт» мамандарын дайындауға арналған оқу жоспарында олимпизмнің таралуына ықпал ету жолдары көрсетілген. Сондай-ақ, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде олимпизм идеяларын жүзеге асыру тәжірибесі берілген. Осылайша, бұл мақала еліміздегі олимпиадалық білім беруді жаңғыртудың нағыз бастамасы болды. Себебі олимпиадалық білім беру жүйесін құру құрылымдық тұрғыдан мүмкін және Қазақстаннның барлық оқу орындарын қамтуға қабілетті, ал олимпиадалық білім беру құралдарын пайдалану өскелең ұрпақты шынайы олимпиадалық құндылықтар – құрмет, достық, кемелділікке ұмтылу рухында оқыту мен тәрбиелеудің нақты мүмкіндігін қалыптастырады.