Негізгі бөлімше студенттерінің дене тәрбиесінде заманауи фитнес-бағдарламаларды қолдану тиімділігін бағалау
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2026_3_76Түйін сөздер:
дене шынықтыру, фитнес-бағдарламалар, функционалдық жағай, мотивация, әл-ауқат, қыз студенттер.Аннотация
Мақалада дене шынықтыру пәні бойынша негізгі бөлімінің 2-курс студент қыздарының (n=73, жасы 19-20 жас) оқу процесіне заманауи фитнес-бағдарламаларды енгізудің тиімділігіне арналған эксперименттік зертеудің нәтижелері ұсыналған. Сауалма нәтижелері бойынша студент қыздардың фитнес-бағдарламаларды таңдаудағы басымдықтары (би аэробикасы, йога, пилатес, стретчинг) анықталды. Фитнес-бағдарламалар дәстүрлі, аралас және техникалық оқыту құралдарын қолдану форматтарында жүзеге асырылды. Тиімділігі Штанге, Генчи және Руфье функционалдық сынамаларының динамикасы мен сауалнама нәтижелері негізінде бағаланды. Зерттеу нәтижелері тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйелерінің функционалдық көрсеткіштерінің статистикалық тұрғындан сенімді жақсарғанын (р<0,05), студент қыздардың дене шынықтыру сабақтарына қызығушылығының артқанын (74,0%) және өзін-өзі сезінуінің жақсарғанын (86,3%) көрсетті. Сауалмана нәтижелері фитнес-бағдарламаларды вариативті ұйымдастырылған сабақтарда қолданудың тиімділігін растады.