Дене тәрбиесі болашақ мамандардың медиатехнологияларды креативті қолдану құралы ретінде
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2022_2_27Түйін сөздер:
білім стандарты, креативтілік қабілеттері, айқындаушы факторлар, интербелсенді оқыту, маман профессиограммасы, рефлексия, маман портфолиосыАннотация
Мақала жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінде дене тәрбиесі арқылы креативтіліктерді қалыптастыру үшін медиатехнологияларды тиімді пайдалану арқылы студенттердің кәсіптік дайындықтарын жоғары деңгейге көтеруге болатындықтары туралы мәселелері қарастырылады. Зерттеу жұмысы білім беру стандартының тұжырымдамаларының даму тенденцияларының негізінде студенттердің әлеуметтік-экономикалық ахуалға сәйкес моделінің мүмкіндіктерін анықтаудың жолдарын қарастыруды көздейді. Бұл мәселелерді шешудің қазіргі таңда білім беруді дамытудың стратегиялық бағыты мен алдын-ала болжаудың біртұтас кешендік мәселелерін айқындау және маманның креативтілігін медиатехнологияларды қолдану арқылы оқу үдерісінде маманның қажетті, тиімді мазмұнаның көлемін дәлелдейтін маман профессиограммасының портфолиосын құру арқылы моделін жасау мен интербелсенді оқытудың мүмкіндіктерінің жолдары беріледі. Мақалада дене тәрбиесі арқылы кәсіпке даярлау үшін жоғары оқу орындарында медиатехнологияларды пайдалану арқылы инновациялық білім беру технологиясына сәйкес жүзеге асыру мәселесі зерделенеді.