Құзға өрмелеу сабақтарын жабық ғимаратта өткізу әдістемесі
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2022_2_132Түйін сөздер:
құзға өрмелеу, жүрек соғу жиілігі, ортостатикалық өлшеулер, визуализация, талдау, әдістер.Аннотация
Бұл мақалада авторлардың кәсіби қызметінің нәтижесі болатын жабық ғимаратта өтетін жасанды рельефте құзға өрмелеу сабақтарын өткізудің заманауи әдісі ұсынылған. Авторлар шетелдік және отандық теориялық және практикалық дереккөздерге ауқымды талдау жүргізді, қазіргі заманғы құзға өрмелеу негіздері мен жабық ғимаратта құзға өрмелеу сабақтарын өткізудің қолданыстағы әдістемелеріне талдау жасады, олар қазіргі жағдайларға байланысты әртүрлі тәсілдермен ерекшеленеді. Авторлар жұмысының нәтижесі 10-12 жас аралығындағы балалардың қозғалыс белсенділігін жақсарту мәселесін шешуде тиімді, жабық ғимаратта құзға өрмелеу сабақтарының практикалық дамуы болды. Мақалада жабық ғимаратта құзға өрмелеу сабақтарының нәтижелері көрсетілген: дыбыстық қабылдау, визуализация, моторды қабылдау, пульсометрия, сондай-ақ физикалық белсенділікті және құзға өрмелеу сабақтарының қарқындылық дәрежесін анықтауға арналған ортостатикалық өлшеулер. Өрмелеудің әртүрлі теориялық және практикалық аспектілерінің дәрежесі анықталды. Бұл зерттеулер жоғары оқу орындарының тренерлері, студенттері мен оқу бөлімдерінің оқытушылары үшін және құзға өрмелеуге қызығушылық танытатындар үшін қызықты болады.