Дене шынықтыру Мектептегі дене шынықтыру сабағының тиімділігін арттыруға резервтік тәсілді қолдану
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2022_3_87Түйін сөздер:
дене шынықтыру, оқушы, дамыту, тиімділік, үйірме, спорттық ойындар, бағдарлама, мектеп, сабақ.Аннотация
Мақалада дене шынықтыру, философия, педагогика, психология, физиология және басқа
да ғылымдар саласындағы жасөспірімдердің қимыл функциялары дамуының өзара байланысы
мен қозғалыс белсенділігінің әртүрлі нысандарындағы мотивтері мен қажеттіліктері туралы отандық
және шетелдік мамандардың пікірлері талқыланды. Мектеп оқушылары денсаулығының жас
ерекшелік динамикасы, сонымен қатар дене шынықтыру бағдарламасындағы оқу жоспарын бөлу
мәселелері, соның ішінде мектепте сыныптан тыс дене тәрбиесі үйірмесі мен спорттық ойындар
бағытындағы дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру және тиімділігін арттыру мәселелері, қазіргі
заманғы дене шынықтыру сабағында оқушы жастардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру
мақсатында спорттық ойындардың басым бөлігін резервті тәсілінде қолдану маңыздылығы мен оқу
жоспарын бөлудегі әдістемелік сәйкессіздіктерді жою, сабақтың бөлімдерін құру ерекшеліктеріне
байланысты дене шынықтыру сабақтарын тиімді өткізу мүмкіндіктері қарастырылды.