Студенттердің денсаулықты сақтау құзыреттілігін дене тәрбиесі құралдары арқылы қалыптастыру
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2022_3_79Түйін сөздер:
қалыптастыру, студенттер, педагогтар, денсаулықты сақтау құзыреттілігі, дене тәрбиесі, құралдар, жоғары оқу орныАннотация
Қазіргі таңда оқушы-жастардың денсаулығын сақтау мәселесі жоғары оқу орындарындағы
болашақ мамандарды даярлау үдерісінде кешенді, жүйелі және біртұтас тұғырды қолдануды талап
ететіндігі анық. Оқушы-жастардың аурушаңдығының артуы карантин және тұлғаның оқшаулануы
жағдайындағы қимыл-қозғалыс белсенділігінің, дене алғырлығының төмендігімен, өз денсаулығын
сақтау және нығайту бағдарламасын дайындау қабілеттерінің төмен деңгейімен шартталған
дененің жаттықпауының көрінісі болып табылады. Мұнда тек жүйелі түрде дене шынықтырумен және
спортпен шұғылдану, ұлттық сана-сезімнің рухани жаңғыруы, білімнің салтанат құруы, тұлғаның
рухани болмысының жоғарылауы – мұның барлығы, тұтастай алғанда, ұлттың және өскелең
ұрпақтың денсаулығын қамтамасыз ететін салауатты өмір салтының құрамдас бөліктері болып
табылады. Мәселенің өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы авторларға оны болашақ мұғалімдерді
даярлау аясында зерттеуге, олардың кәсіби іс-әрекетті орындауға даярлығын қамтамасыз ететін
денсаулықты сақтау құзыреттілігін қалыптастыруды жетілдіру жолдарын үлгілеуге мүмкіндік берді.
Авторлар мұнан алдыңғы зерттеулер барысында алынған нәтижелер мен қорытындыларға
сүйене отырып, денсаулықты сақтау құзыреттілігінің құрылымын және студенттердің денсаулықты
сақтау құзыреттілігін қалыптастыру аясындағы дене шынықтыруды оқыту әдістемесінің мазмұнын,
салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастырудың формалары мен әдістерін ашып көрсетеді.
Авторлардың ұсынған әдістемелерінің тиімділігі болашақ мұғалімдердің денсаулықты сақтау
құзыреттілігін қалыптастыру аясында дене шынықтыру пәні оқытушыларымен онлайн-семинарды
өткізуге дайындық жұмыстарын жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі. Тәжірибелік қорытындылар
мен алынған нәтижелерді жоғары оқу орнындағы болашақ мұғалімдерді даярлау үдерісінде және
мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру курстарында пайдалануға болады.
Мәселенің өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы авторларға оны болашақ мұғалімдерді даярлау аясында зерттеуге, олардың кәсіби іс-әрекетті орындауға даярлығын қамтамасыз ететін денсаулықты сақтау құзыреттілігін қалыптастыруды жетілдіру жолдарын үлгілеуге мүмкіндік берді.
Авторлар мұнан алдыңғы зерттеулер барысында алынған нәтижелер мен қорытындыларға сүйене отырып, денсаулықты сақтау құзыреттілігінің құрылымын және студенттердің денсаулықты сақтау құзыреттілігін қалыптастыру аясындағы дене шынықтыруды оқыту әдістемесінің мазмұнын, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастырудың формалары мен әдістерін ашып көрсетеді. Авторлардың ұсынған әдістемелерінің тиімділігі болашақ мұғалімдердің денсаулықты сақтау құзыреттілігін қалыптастыру аясында дене шынықтыру пәні оқытушыларымен онлайн -семинарды өткізуге дайындық жұмыстарын жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі.
Тәжірибелік қорытындылар мен алынған нәтижелерді жоғары оқу орнындағы болашақ мұғалімдерді даярлау үдерісінде және мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру курстарында пайдалануға болады.