Туризмдегі аймақтық компонент

Авторлары

  • Kurmanova G.K. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Орал қ., Қазақстан Республикасы
  • Urazova B.A. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Орал қ., Қазақстан Республикасы
  • Sukhanberdina B.B. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Орал қ., Қазақстан Республикасы

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2022_3_126

Түйін сөздер:

туризм, ішкі туризм, өңір, ресурстар, мәдени мұра, табиғи мұра

Аннотация

Мақалада туризмнің қазіргі жай-күйіне зерттеу жүргізілді, пандемиядан кейінгі кезеңдегі туризмнің
перспективалық бағыттары анықталды, аумақтардың туристік жобаларының заманауи аспектілері
сипатталды. Эпидемиологиялық сын-қатерлер ішкі туризмнің жедел дамуына әсер етті. Сондықтан
аймақтық деңгейде туризмді ұйымдастыруды зерттеу, талдау, бақылау өзекті болып табылады.
Қазақстан өңірлеріндегі туризм сан алуан, сонымен қатар сан алуан бағыттармен ұсынылған, бұл
отандық туристік өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Мақсаты – Қазақстанның ішкі (ұлттық)
туризмінің негізі ретінде туристік жобаларды зерттеу (ҚР Батыс Қазақстан облысының мысалында).
Әдістері – салыстырмалы, жүйелік, статистикалық талдау. Нәтижелер – бұл мақалада авторлар
ішкі туризмді аймақтық дамуды қамтамасыз ететін ресурс ретінде зерттейді. Әдебиеттерді шолу
мен деректерді талдауды үйлестіретін аралас тәсіл негізінде туризмнің аймақтық дамуына талдау
ұсынылған. Ішкі туризмнің аспектілері нақтыланған. Ішкі туризмнің ішкі нарығындағы негізгі тенденциялар
мен өзгерістер анықталды. Батыс Қазақстан облысында туризм түрлері қарастырылуда. Туризм түрлері
бойынша мақсатты топтар, ерекшеліктер, трендтер, негізгі қатысушылар, объектілер сипатталған.
Қорытынды облыста ішкі туризмді дамыту үшін барлық мүмкіндіктер бар, бұл өңірдің тұрақты дамуына
әсер етеді. Зерттеу нәтижелері зерттелетін мәселенің теориясы мен әдіснамасына ықпал етеді.
Мақаланың өзектілігі аймақтың туристік әлеуетін пайдалануға баса назар аударылатындығымен
анықталады. Бұл саланы дамытудың индикаторы болып табылатын туристік нарықтағы ағымдағы
үрдістерді бағалауды талап етеді.

Авторлардың өмірбаяны

Kurmanova G.K., Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Орал қ., Қазақстан Республикасы

экономика ғылымдарының кандидаты, «Есеп және қаржы» кафедрасының доценті

ORCID iD: 0000-0002-9052-2990

Urazova B.A., Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Орал қ., Қазақстан Республикасы

экономика магистрі, «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы

ORCID ID: 0000-0001-9284-3301

Sukhanberdina B.B., Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Орал қ., Қазақстан Республикасы

экономика ғылымдарының кандидаты, есеп және қаржы кафедрасының доценті

ORCID iD: 0000-0002-8375-6350

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

Жүктеулер

Жарияланды

2022-10-01

Дәйек сөзді қалай келтіруге болады

Kurmanova G.K., Urazova B.A., & Sukhanberdina B.B. (2022). Туризмдегі аймақтық компонент. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, 69(3), 126–134. https://doi.org/10.48114/2306-5540_2022_3_126

Шығару

Бөлім

ТУРИЗМНІҢ БЕЛСЕНДІ ТҮРЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ