Біліктілігі жоғары жүзушілерді күштік даярлаудың құралдары мен әдістерін жетілдіру әдістемесін қолдану

Авторлары

  • Gusakov I.V. Қазақ спорт және туризм академиясы, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
  • Nurmukhanbetova D.K. Қазақ спорт және туризм академиясы, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
  • Lesbekova R.B. Қазақ спорт және туризм академиясы, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2022_3_113

Түйін сөздер:

жүзу, жоғары жетістікті спорт, күштік даярлық, біліктілігі жоғары жүзгіштер.

Аннотация

Мақалада біліктілігі жоғары жүзушілерді күштік даярлаудың құралдары мен әдістерін
жетілдіру әдістемесін енгізу нәтижелері ұсынылған. Біліктілігі жоғары жүзушілерді күштік даярлаудың
құралдары мен әдістерін жетілдірудің заманауи әдістемесін әзірлеу отандық жоғары жетістікті
спорты жүйесіндегі өзекті мәселе болып табылады. Күш жаттығуларының құралдары мен әдістерін
жетілдіру әдістемесі әлемдік тәжірибені зерделеуге негізделген және қашықтықтың ең үлкен көлемін
тек бәсекелік жүзу қарқынында, негізінен қысқа (15-тен 50 м-ге дейін) жоғары қарқынды бөлімдерде
жүзу қағидасына негізделген, бұл спортшының жеке бағдарламадағы ең жоғары жылдамдығына
сәйкес келеді. Бұл әдістеме негізінен жарыстық қашықтықтың жеке сипаттамаларына сәйкес
келетін жоғары қарқынды бөлімдерді жүзіп өтуді қамтиды. Күш дене қасиетін жетілдіру әдістемесін
пайдаланудағы маңызды факторы ретінде жүзу техникасының тұрақтылығы есептелінеді, сондықтан
бұл әдістемені біліктілігі жоғары деңгейдегі жүзушілерге ғана пайдалануға кеңес беріледі. Берілген
әдістемені енгізудің тиімділігі жоғары деңгейлі жүзушілерді 2021 және 2022 жылғы басты жарыстарға
даярлау кезінде сынақтан өткізілді және ғылыми расталды.

Авторлардың өмірбаяны

Gusakov I.V., Қазақ спорт және туризм академиясы, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

докторант

ORCID iD: 0000-0002-5792-1420

Nurmukhanbetova D.K., Қазақ спорт және туризм академиясы, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

 

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Lesbekova R.B., Қазақ спорт және туризм академиясы, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

биология ғылымдарының кандидаты, доцент

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

Жүктеулер

Жарияланды

2022-10-01

Дәйек сөзді қалай келтіруге болады

Gusakov I.V., Nurmukhanbetova D.K., & Lesbekova R.B. (2022). Біліктілігі жоғары жүзушілерді күштік даярлаудың құралдары мен әдістерін жетілдіру әдістемесін қолдану. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, 69(3), 113–118. https://doi.org/10.48114/2306-5540_2022_3_113

Шығару

Бөлім

СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҒУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ