Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ арнайы медициналық бөлімшесінің 1 курс студенттерінің денесінің физикалық дамуы мен ағзасының функционалдық жағдайын бағалау.
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2022_4_48Аннотация
Зерттеу Л.Н.Гумилев атындағы арнайы медициналық бөлімшесінің (АМБ) студент қыздарының физикалық дамуы мен функционалдық жағдайын зерттеуге және бағалауға арналған. Мектепте оқу кезеңінде қыздар арасында созылмалы аурулардың таралуының негізгі себептері анықталды. АМБ студенттерінің физикалық дамуын бағалау дене салмағының индексі (ДСИ) көмегімен жүзеге асырылды. Бар аурулар мен ДСИ көрсеткіштері арасындағы байланыс талданды. Студенттердің осы контингентінің функционалдық жай-күйінің деңгейін зерттеу үшін тыныс алуды ұстап тұратын функционалдық сынамалар - Штанге және Генчи, жүрек-қантамыр жүйесінің қызметін бағалау үшін Рюфье сынамасы пайдаланылды. Зерттеу барысында алынған нәтижелер АМБ 1 курсының сұралған студент қыздарының үштен бірінде ДСИ бойынша нормадан белгілі бір ауытқулар бар екенін көрсетеді, бұл өз кезегінде денсаулыққа белгілі бір қауіп төндіреді. Ағзаның негізгі жүйелерінің функционалдық жағдайы студенттердің көпшілігінде «қанағаттанарлық» және «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланады. Білім алушылардың дене дамуының және ағзасының функционалдық жай-күйінің жекелеген көрсеткіштерін бағалау оқытушыға АМБ-дегі «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу процесін неғұрлым сауатты жоспарлауға, оқушыларға жеке және сараланған көзқарасты ескере отырып, оқыту құралдары мен әдістерін таңдауға мүмкіндік береді.