Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және спорт саласын дамытудың заманауи күйі мен проблемалары
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2022_4_6Түйін сөздер:
дене шынықтыру және спорт, басқару, өңірлік деңгей, тиімділік.Аннотация
Мақалада Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласын ұйымдастыру мен басқарудың ұйымдық-құқықтық аспектілерінің ерекшеліктерін кешенді зерделеу, өңірлік деңгейде дене шынықтыру мен спорт саласын басқару процесінің тиімділігін арттыру жолдарын іздеу жөніндегі зерттеу жұмысының деректері келтірілген. Жүргізілген зерттеулер бізге Қазақстан дене шынықтыру және спорт саласын басқару жүйесінің заманауи жай-күйін анықтауға, сондай-ақ оның тиімділігін арттыру жолдарын анықтауға мүмкіндік берді. Сарапшылардың пікірінше, өңірде дене шынықтыру мен спортты басқару жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін арттыру жөніндегі негізгі іс-шаралар: бұқаралық және балалар-жасөспірімдер спортын қаржыландыруды ұлғайту, дене шынықтыру мен спорт саласындағы қызметті реттейтін заңнамалық базаны өзгерту; өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармаларының өкілеттіктерін арттыру; дене шынықтыру мен спортты дамытуға коммерциялық құрылымдарды тарту мен спорт және қоғамдық бірлестіктердің өкілеттіктерін арттыру болып табылады.