Дене шынықтыру және спорт саласындағы өңірлік саясаттың тиімділігін арттыру әдістері мен тәсілдері (Қызылорда облысының мысалында)

Авторлары

  • Олжас Акимов Кахская академия спорта и туризма
  • Айбол Құлбаев Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы, Астана қ., Қазақстан
  • Рыскүл Лесбекова Кахская академия спорта и туризма

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2022_4_67

Түйін сөздер:

дене шынықтыру және спорт, аймақтық саясат, басшылар, басқару.

Аннотация

Мақалада дене шынықтыру және спорт саласындағы өңірлік (Қызылорда облысының мысалында) саясаттың тиімділігін арттыру әдістері мен тәсілдерін зерделеу нәтижелері келтірілген. Әртүрлі дене шынықтыру-спорт ұжымдары басшыларының, оның ішінде дене шынықтыру білім беру мекемелерінің бірінші басшыларының кәсіби құзыреттілігінің төмендігі анықталды, бұл бізді олардың басқару құзыреттілігін арттыруға байланысты педагогикалық эксперимент ұйымдастыруға итермеледі. Сонымен, біз ұйымдастырған педагогикалық эксперименттің басында спорттық оқу орындарының директорлары мен олардың орынбасарлары, өңірлік дене шынықтыру басқармаларының мамандарынан құрылған сарапшылар тобында әкімшілік және кәсіпкерлік дағдылар жақсы дамыды. Алайда, іске деген шығармашылық дағдылары мен ұжымда жайлы орта құру дағдылары дамымаған болды. Педагогикалық эксперименттің соңында барлық топтарда әкімшілік, өндірістік, шығармашылық және коммуникативтік құзыреттіліктердің біркелкі дамуында көрінетін қолайлы өзгерістер болды. Педагогикалық эксперименттің тиімділігінің жанама дәлелі ретінде әлеуметтік статистика көрсеткіштерінің жақсарғанын көрсетуге болады. Осылайша, өңірде эксперимент жүргізу кезеңінде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындар, оның ішінде балалар санының артуы анықталды; дене шынықтыру-бұқаралық және спорттық іс-шаралар саны  мен оларға қатысқан азаматтар саны көбейді; спорт бойынша нұсқаушылар саны артты.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-18

Дәйек сөзді қалай келтіруге болады

Акимов , . О., Құлбаев, А., & Лесбекова , Р. (2022). Дене шынықтыру және спорт саласындағы өңірлік саясаттың тиімділігін арттыру әдістері мен тәсілдері (Қызылорда облысының мысалында). Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, 70(4), 67–76. https://doi.org/10.48114/2306-5540_2022_4_67