ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2022_4_77Түйін сөздер:
инклюзивті білім беру, ерекше білім беру қажеттіліктері, денсаулығында мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар, дене тәрбиесі, дене шынықтыру, жоғары білімАннотация
Мақала ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалардың, атап айтқанда, жоғары оқу орындарында инклюзивті білім беру жағдайында денсаулығы шектеулі білім алушылардың дене тәрбиесі мәселелеріне арналған. Жоғары оқу орындарындағы инклюзивті практиканың шетелдік тәжірибесін зерделеу негізінде авторлар ерекше білім беру қажеттіліктері бар және денсаулығында мүмкіндіктері шектеулі білім алушыларды дене шынықтыру және спорт бойынша білім беру процесіне енгізу жолдарын ұсынды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалардың, оның ішінде жоғары оқу орнында оқу жағдайында денсаулық мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың дене белсенділігін арттыру және білім алуға тең қолжетімділіктегі кедергілерді толық жою үшін студенттердің мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне оқу бағдарламалары мен бағалау саясатының барлық түрлерін бейімдеу қажет екені анықталды. Мақала ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған ғылыми жобаның міндеттерін орындау шеңберінде дайындалды.