Бұл ФИЗИКАЛЫҚ ОҢАЛТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлары

  • Адильбек Байгалиев Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан
  • Лаура Асқарқызы Бутабаева Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Астана, Қазақстан
  • Ернар Ерланұлы Оспанқұлов Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_1_69

Түйін сөздер:

физикалық жаттығу, физикалық оңалту, тірек-қимыл қозғалысында ахаулық бар балалар, физикалық жаттығуларға бейімделу, инновациялық оңалту әдістер, қозғалыс дағдылары.

Аннотация

Мақалада физикалық оңалтудың заманауи технологияларын қолданудың тиімділігі мен оның психологиялық ерекшеліктеріне талдау жасалған. Жалпы зерттеулерге талдау жасау кезінде оңалту, оңалту түрлері (физикалық, медициналық, психоэмоционалдық) анықталған, физикалық оңалту ерекшеліктеріне сипаттама жасалған.  Оңалтуды бөлінісі (белсенді, баяу және психологиялық реттеу) деп берілген, сондай ақ әр топ сипаттамалық ерекшеліктері көрсетілген.  Нақты оңалту түріне сәйкес мақсаттық мүмкіндіктері мен нақты ұстанымдары берілген, оған сәйкес оңалту шаралар кешенін уақытылы қолдану, әсер етудің үздіксіздігі, кешенділік, ағза мен алған жарақат ерекшелігін ескеру сынды ұстанымдары белгіленген. Жалпы оңалту жұмысы кезіндегі физикалық жаттығулардың маңыздылығы айқын екендігі, сондай ақ оның тірек-қимыл қозғалысында бұзылысы бар балалар үшін нәтижелі болу үшін, қайталану жиілігі, уақыт ұзақтығы, реттілігі мен маман бақылауының өзектілігі негізделген.   Балалардың оңалту жұмыстарын жүргізудегі маңызды ғылыми зерттеулердің бағыттары мен негізгі нәтижелеріне талдау жасалған. Оларға заманауи технологиялар, тексеруден өткен, сыналған техникалық аппараттардың тиімді қолданылуы, тірек-қимыл қозғалысында бұзылысы бар балалармен жұмыс ерекшеліктеріндегі психологиялық мүмкіндіктер, қозғалыс ерекшеліктері мен ми мүмкіндіктердің байланысы, физикалық жаттығулар әсері талданған.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-04-04

Дәйек сөзді қалай келтіруге болады

Байгалиев, А., Бутабаева , Л. А., & Оспанқұлов , Е. Е. (2023). Бұл ФИЗИКАЛЫҚ ОҢАЛТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, 71(1), 69–74. https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_1_69

Шығару

Бөлім

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ