Психологиялық сауаттылық болашақ мамандардың кәсіби өзіндік анықтауының факторы ретінде (дене мәдениеті және спорт мамандығы мысалында)

Авторлары

  • Мухтар Абенович Ермекбаев М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан
  • Нүргүл Ниязбекқызы Медетбекова М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан
  • Сауле Базарбаевна Жораева М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан
  • Бахтыкул Актаевна Наркулова М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан
  • Жанар Шораевна Жияшева М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_1_75

Түйін сөздер:

болашақ маман, дене мәдениеті және спорт, психологиялық сауаттылық, кәсіби өзіндік анықтау, спортсмен ерекшелігі.

Аннотация

Бұл мақалада біз болашақ дене шынықтыру және спорт мамандарының кәсіби өзіндік анықтауының көрсеткіші ретінде психологиялық сауаттылық факторын қарастырамыз, зерттеу негізінде қазіргі қоғам талабына сай өзектілігін айқындаймыз. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі көптеген ғалымдардың еңбектерін талдау негізінде кәсіби өзіндік анықтау ұғымына ғылыми тұрғыда анықтама беруін талдаймыз. Сонымен қатар тұлғалық өзіндік анықтау негізгі бағыттарын (тұлғалық, кәсіби, әлеуметтік) негізде анықтаймыз, оның дене шынықтыру мен спортпен саласына сай кәсіби мәнін көрсетеміз. Спортсмендер үшін өзіндік анықтау кезеңдерінің өзге мамандықтармен салыстырғандағы ерекшелігін айқындаймыз. Психологиялық сауаттылық ұғымын (философия, экономика, әлеуметтану, экология, құқық, медицина, психология) ғылым салалары бойынша нақты сипаттамалық мәнін ұсынып, психологиялық сауаттылықтың ерекшелігін нақтылаймыз. Психологиялық сауаттылықты зерттеу бағытына сәйкес арнайы әдістеменің модификацияланған түрін алып, 1-4 курс студенттері арасында арнайы зерттеу жүргізіп, оның нәтижелерін пайыздық сипаттамалармен беріп, өзіндік зерттеу мәселесіне сәйкес талдау жүргізіп, қорытындылаймыз.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-04-04

Дәйек сөзді қалай келтіруге болады

Ермекбаев , . М. А., Медетбекова , Н. Н., Жораева , С. Б., Наркулова, Б. А., & Жияшева , Ж. Ш. (2023). Психологиялық сауаттылық болашақ мамандардың кәсіби өзіндік анықтауының факторы ретінде (дене мәдениеті және спорт мамандығы мысалында). Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, 71(1), 75–81. https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_1_75

Шығару

Бөлім

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають