КОМПЬЮТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_1_42Түйін сөздер:
бастауыш сынып, gen alpha ұрпағы, цифрлық технологиялар, дене мәдениеті және спорт сабағы, АКТ.Аннотация
Берілген зерттеуде ақпараттық – коммуникациялық технологиялар (АКТ) мен компьютерлік өнімдерді (цифрлық технологиялар) бастауыш деңгейі бойынша дене шынықтыру сабақтарында қолданудың әдістемелік мүмкіндіктерін анықтауға арналған. Зерттеу барысында АКТ және компьютерлік өнімдер психологиялық-педагогикалық зерттеулерге сәйкес ғалымдар еңбектеріне, мемлекеттік бағдарлама мен ғылыми негізделген зерттеулерге талдау жүргізілді. Елімізде ақпараттық құралдардың ендірілу хронологиясы берілді, олар (электрлендіру, компьютерлендіру, ақпараттандыру, цифрландыру) деген төрт кезеңмен сипатталды. Қазіргі заманауи талаптарға сай, не себепті компьютерлік өнімдерді қолдану маңызды екені, gen alpha ұрпағының негізгі ерекшеліктерін ғылыми еңбектерде талдау арқылы өзектілігі айқын көрсетілді. Gen alpha ұрпағының қоршаған ортасына сәйкес басымдықтары бейнеленді, онда негізгі орта құрамдас бөліктері анықталды: оқыту дағдылары, оқыту нәтижелері, инфлюенсерлер, коллоборация, басқару, цифрлық құралдар, технологиялар, әлеуметтік тексеріс. Оқыту әдістерінің дидактикалық мүмкіндіктері мұғалім мен оқушы іс-әрекетін сипаттау арқылы, нақты ғалым моделі негізінде ұсынылды. Дене мәдениеті және спорт саласында заманауи технологияларды ендірудің ұйымдастырушылық, материалды-техникалық, ғылыми-әдістемелік қиындықтары барына қарамастан, көптеген зерттеулер оларды ендіру, қолдану, жаңғырту, яғни оқыту формалары, құралдары, өзіндік жұмыс және өзіндік білім алу, АКТ заманауи компьютерлік технологиялар қолдану арқылы мүмкіндіктерін арттырып, түрлендіріп беруге бағытталғандығы көрсетілді. Дене мәдениеті және спорт саласында электронды өнімдерді қолданудың басым бағыттары берілді. Электронды құралдарды оқу үдерісіне ендіруде дене мәдениеті мен спорт жүйесіне сәйкес шарттар анықталды. Аталған зерттеу бойынша теориялық талдау негізінде, электронды өнімдерді тиімді қолдану мүмкіндіктері көрсетілді.