«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ» СТУДЕНТТЕРІН АНАТОМИЯЛЫҚ БІЛІМДІ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТТЕ ПАЙДАЛАНУҒА ДАЙЫНДАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫ

Авторлары

  • Ерік Оралбайұлы Махамбетов М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз, Қазақстан
  • Айнур Турдыбаевна Байкенжеева Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда, Қазақстан
  • Махаббат Батырғалиқызы Аманбаева Абай атындағы Қазақ Ұлтты педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_1_28

Түйін сөздер:

дене шынықтыру, спорт, адам анатомиясы, кәсіби қызмет, педагогикалық құралдар, педагогикалық шарттар.

Аннотация

Мақалада жоғары оқу орнында, педагогикалық бағыттағы «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының биологиялық циклдегі «Адам анатомиясы» пәнінің мазмұнын  болашақ дене шынықтыру мұғалімдеріне тәжірибеге-бағдарлай оқыту мәселесі қарастырылады. «Адам анатомиясы» пәнінің мазмұны «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасындағы мамандарды даярлау мақсаты, міндеттері, күтілетін нәтижесі ескеріліп құрастырылды. «Адам анатомиясы» пәнін оқытуда студенттер   дене шынықтыру мұғалімі және жаттықтырушы қызметтерінде алған білімді қолдану дағдысын қалыптастыру болып табылады.  Бұл міндетті шешу үшін үш бағыт қарастырылған: бірінші- анатомиялық теориялық білімді болашақ кәсібінде қолдануға дайындау; екінші- анатомиялық практикалық білімді  спорттық техникалық  жаттығуларды орындауда негізге алуға дайындау;  үшінші- дене шынықтыру мұғалімдері мен жаттықтырушылардың қызметтік мәселелерді шешуде  анатомия элеметтерімен байланыстыру. Аталған бағыттарды жүзеге асыруда тиімді педагогикалық әдістер мен технологияларды қолдану жолдары, талаптары қарастырылды. Болашақ денешынықтыру мұғалімдерін кәсіби қызметте адам анатомиясы пәнінен алған білімдерін пайдалануға ықпал ететін оқу үдерісін ұйымдастыру жолдары талданды.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-04-04

Дәйек сөзді қалай келтіруге болады

Махамбетов, Е. О., Байкенжеева , А. Т., & Аманбаева , М. Б. (2023). «ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ» СТУДЕНТТЕРІН АНАТОМИЯЛЫҚ БІЛІМДІ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТТЕ ПАЙДАЛАНУҒА ДАЙЫНДАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫ. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, 71(1), 28–41. https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_1_28

Шығару

Бөлім

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫНДА МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ