Болашақ педагогтардың денсаулықты сақтау құзыреттілігін қалыптастыру жүйесі

Авторлары

  • Алиби Лауланбеков Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Түркістан қ., Қазақстан
  • Жәмиля Заханқызы Торыбаева Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Түркістан қ., Қазақстан
  • Ермек Абдимажитович Битабаров Халықаралық туризм және меймандостық университеті, Түркістан қ., Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_1_21

Түйін сөздер:

жүйе, қалыптастыру, денсаулықты сақтау құзыреттілігі, даярлық, оқытушы, жоғары оқу орны

Аннотация

 Студенттерде денсаулықты сақтау құзыреттілігін қалыптастыру мәселесінің өзектілігі қоғамның физикалық және психоэмоционалдық денсаулығы жеткілікті деңгейдегі жоғары білікті мамандарға деген қажеттілігімен шартталады. Студенттің денсаулығын сақтау және нығайту оның құндылық бағдарларының, денсаулықты сақтау бойынша білім, қабілет және дағдыларының,тұлғалық сапаларының жиынтығы болып табылатын денсаулықты сақтау құзыреттілігінің (ДСҚ) даму деңгейіне тікелей байланысты. Аталмыш саладағы зерттеулердің көптігіне қарамастан, кәсіптік білім берудің теориясы мен тәжірибесінде болашақ мұғалімдердің денсаулықты сақтау құзыреттілігін қалыптастыруға жеткіліксіз назар аударылуда, сондықтан біздің зерттеуіміздің мақсаты  жоғары оқу орнының  біртұтас оқу-тәрбие үдерісінде зерттелетін құзіреттілікті қалыптастыру жүйесін дайындау болып табылады. Авторлардың пікірінше, құзыреттілік моделін ендіру тұрғысынан болашақ мұғалімді даярлауды жетілдіру жоғары мектеп педагогтарын ЖОО-ның тұтас педагогикалық процесінде денсаулық сақтау құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінің тиімділігін қамтамасыз ететін жағдайлар кешенін есепке алу қажеттілігіне бағыттайды, оның ішінде: процестің мазмұнды және оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін әзірлеу; денсаулық сақтаудың заманауи технологияларын зерделеуге ынталандыру, белсенді дене шынықтыру мен сауықтыру іс-әрекетіне деген тұрақты қызығушылықтарын, тәрбие жұмысын ұйымдастырудың қабілеттері мен дағдыларын, денсаулықты сақтау технологияларын  қолдану тәжірибесін  қалыптастыру.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-04-04

Дәйек сөзді қалай келтіруге болады

Лауланбеков, А., Торыбаева , Ж. З., & Битабаров , Е. А. (2023). Болашақ педагогтардың денсаулықты сақтау құзыреттілігін қалыптастыру жүйесі. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, 71(1), 21–27. https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_1_21

Шығару

Бөлім

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫНДА МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають