ЖАСӨСПІРІМ ТАЕКВОНДОШЫЛАРДЫ ФОРМАЛДЫҚ ЖАТТЫҒУ КЕШЕНІНЕ (ПУМСЭ) ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_1_166Түйін сөздер:
таеквондо, пумсэ, әдістер, жасөспірім, жаттықтыру, үйрету, әдістеме, кешен, тепе-теңдік, қозғалыс, спортшы, формалдыАннотация
Мақалада қазіргі таңда дамып келе жатқан таеквондо (WT) спортының формалды жаттығу кешенін (пумсэ) жасөспірім таеквондошыларға үйрету әдістерінің ерекшеліктеріне қатысты әдістемелерге теориялық сараптама жасалынып, пумсэні үйрену әдістерінің арнайы базалық, техникалық дайындық негіздерін және пумсэні орындаудың негізгі шарттары мен пумсэні үйретудің сипаттамасы көрсетілген. Пумсэ анықтамасына түсініктеме беріліп, таеквондоны үйренуші жас спортшылардың «белбеуге» тапсыру аттестациялық сынақтың ережелері мен пумсэ кешеннің арнайы әр белбеу дәрежелеріне анықтама беріліп, пумсэ кешенін орындау кезіндегі бастапқы ережесі мен «Тегук» 1- ші пумсэні тиімді үйретудің әдістері қарастырылды. Таеквондоның формалды жаттығу кешені (пумсэ) базалық дайындықпен техникалық дайындықтың маңызды жаттығу үрдісі болып есептелінеді, сондықтан бұл әдістемені таеквондоның формалды жаттығу кешеніне (пумсэ) үйретуге пайдалануға кеңес беріледі. Әдістердің ерекшеліктері жасөспірім таеквондошыларды формалды жаттығу кешеніне (пумсэ) үйретудің тәсілдерін жаттықтыру барысында көрнекілік құралдары ретінде де қамтылады.