Ішкі кикілжіңнің спортшы мотивациясына әсері

Авторлары

  • Сергей Анатольевич Сочин І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған, Қазақстан
  • Асыл Куракбаева І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған, Қазақстан
  • Кайрат Темиргалиевич Джанабаев І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған, Қазақстан
  • Берик Бектурсынович Сарсенбаев І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған, Қазақстан
  • Әлішер Бақытжанұлы Сулейменов І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_1_82

Аннотация

Бұл зерттеуде ішкі кикілжіңнің спортшы мотивациясына әсері қарастырылады. Мақалада құқықтық-нормативтік, психологиялық, педагогикалық ғылыми зерттеулерге теориялық талдау мен саралау, негізгі идеяларды тұжырымдау жүргізілді. Мотивация бұл – нәтижелі іс-әрекетке жету, тұлғаның өзіндік белсенділігі, ерік-жігерінің тұрақтылығы, қажеттік іс-әрекеттер тетіктерін белсенді ету құралы ретінде анықталынды. Сондай ақ, ішкі кикілжіңнің қарым-қатынасқа әсерін, оқу-тәрбие, жаттықтыру үдерісінде  оның мүмкіндігін ескеру, әр спортшының өз бойындағы ішкі кикілжің әсерін бақылау, бағалау, түсіну мүмкіндігін ескеру, ішкі кикілжің сезінетін спортшы кей кездері сол сәтте нәтижелі мақсатқа қол жеткізе алатын мүмкіндігіне сипаттама берілді.  Жалпылама ішкі кикілжің адамдар мінез-құлқы айналасындағы білімдер, пікірлер, көзқарастар, әрекеттер арасындағы сәйкессіздіктер екенін анықтадық. Ішкі кикілжің мен көңіл күй арасындағы тығыз байланыс моделі сипатталынды.  Ішкі кикілжің спортшының ішкі және сыртқы мотивациясына әсер етуші басты фактор екеніне көз жеткіздік.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-04-04

Шығару

Бөлім

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ