Футболшылардың жылдамдық қасиеттерін саралап дамыту бойынша ұсыныстарды негіздеу және әзірлеу

Авторлары

  • Жанар Амангелдіқызы Усина Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті
  • Тогжан Серикжанқызы Баянбаева Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті
  • Назгуль Абильбековна Кударова А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты
  • Мәрлен Саятұлы Жанғабыл Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_2_178

Түйін сөздер:

футболшылар, жылдамдық, саралап дамыту, әзірлеу, команда ойыншылары.

Аннотация

Бұл мақалада футболшылардың жылдамдық қасиеттерін саралап дамыту бойынша ұсыныстарды негіздеу және әзірлеу қарастырылған. Жұмыс спортшыны даярлаудағы жылдамдық қасиеттерін дамытудың негізгі мәселелерін қамтиды. Зерттеудің теориялық бөлімінде осы жұмыс мәселесіндегі негізгі «фигуралар» туралы кіріспе мәліметтер бар. Зерттеудің негізің практикалық бөлімінен алынған нәтижелер құрайды. Нәтижелердің объективтілігіне қол жеткізу үшін жеке зерттеу деректері, талдау, сауалнама, сараптамалық сауалнама және педагогикалық тест әдістері пайдаланылды. Жүргізілген зерттеу футболшылардың жылдамдық қасиеттерін сараланған дамыту бойынша жаттығуларды дұрыс әзірлеу кезінде спорттық іс-әрекеттің нәтижелері оң динамика көрсетеді деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Футболшылардың жылдамдық қасиеттерін дамытудағы сараланған тәсілді оңтайлы қолдануға болады, өйткені футболшылардың жылдамдық қасиеттері бір-біріне тәуелсіз бірнеше көріністерге ие болып келеді.

 

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-21

Дәйек сөзді қалай келтіруге болады

Усина , Ж. А. ., Баянбаева , Т. С., Кударова , Н. А., & Жанғабыл , М. С. . (2023). Футболшылардың жылдамдық қасиеттерін саралап дамыту бойынша ұсыныстарды негіздеу және әзірлеу. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, 72(2), 178–186. https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_2_178

Шығару

Бөлім

СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҒУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають