Педагогтер мен оқушылардың «Дене шынықтыру» пәні бойынша жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыруға дайындығы
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2021_4_6Түйін сөздер:
қалыптастырылу, құзыреттілік, педагог, дене шынықтыру, жобалау, жоспарлау, мотивация, оқушылар, жаңартылған білім мазмұныАннотация
Мақалада дене шынықтыру мұғалімдерінің құзіреттілігінің бастапқы деңгейі анықталған. Дене шынықтыру педагогтерінің құзыреттілігінің неғұрлым төмен деңгейі оның қызметінің құрамдас бөліктері бойынша білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында, атап айтқанда мақсаттар мен міндеттерді қою; оқыту әдістерін іске асыру; бағдарлама құрамдастарын қалыптастыру; оқушыларды бағалау; ақыл-ой қабілеттерін ашу бойынша байқалғаны анықталды. Дене шынықтыру мұғалімдерінің жоспарлау құжаттарын жобалаудағы қайшылықтар анықталды. Ұзақ мерзімді жоспарда бұл тақырыптарға сәйкес оқытуды тұжырымдауда жеткіліксізі байқалады. Орта мерзімді жоспарда мұндай компоненттер бойынша. Оқытудың тілдік мақсаты (оқушылардың сөйлеу формаларының анықтығы жоқ). Пәндік лексика мен терминология (оқушылармен диалог үшін барлық тіркестер ескерілмеген). Диалог үшін пайдалы фразалар (оқушылармен диалог үшін жетекші сұрақтар жоқ). Қысқа мерзімді жоспарда: сабақтың мақсаттары; қол жеткізу критерийлері (әсіресе әдістемелік ұсынымдарда ұсынылғандардан басқа, оларды өз бетінше әзірлеу; тілдік мақсаттар; оқушыларға арналған тапсырмаларды саралау бойынша). Орта сынып оқушыларының дене шынықтыруға деген ынтасының бастапқы деңгейі анықталды. Респонденттердің басым бөлігі дене шынықтырумен айналысуға теріс көзқарас пен төмен уәждемені анықтады. Респонденттердің үшінші бөлігі дене шынықтыруға оң көзқарас білдірді. Оқушылардың мотивациясының ең аз мәні оның жақсы және жоғары деңгейлерінде байқалды.