Жарыс жағдайында еркін күрес балуандардың техникалық-тактикалықдайындығы мен жеке ерекшеліктерін талдау
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2021_4_90Түйін сөздер:
еркін күрес, жарысты талдау, техникалық-тактикалық іс-әрекеттер, салмақ дәрежелері.Аннотация
Мақалада еркін күрес балуандарының жарыс қызметін талдау ұсынылған. 2018 жылы 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында Шымкент қаласында өткен еркін күрестен ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында 289 жарыс белдесулерінініңбейне жазбасы жүргізіліп техникалық-тактикалық іс-әрекеттерітіркелді.Зерттеу нәтижесінде жарыс жағдайында әр түрлі салмақ дәрежесінде тік тұрып және партерде жиі орындалатын техникалық-тактикалық әрекеттер анықталды.Осы жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің нәтижелі орындалған әдістері бағаланды.Жарыс жағдайында еркін күрес балуандардың техникалық-тактикалық дайындығы мен жеке ерекшеліктерінің деңгейі анықталды. Осылайша, жарыс жағдайында жүргізілген техникалық-тактикалық әрекеттер анықталды, сондай-ақ осы әдістерді жетілдіруге және осы әдістерден қорғану әрекеттері бойынша тәжірбиелік ұсыныстар берілді.