Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділіктерін дене шынықтыру сабақтарында қалыптастыру
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_4_27Түйін сөздер:
денешынықтыру, оқушылар, бастауыш мектеп, таным.Аннотация
Мақалада бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділіктерін қалыптастыру бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижерлері туралы баяндалады. Сонымен қатар мақалада бастауыш сынып оқушыларында танынымдық белсенділіктерін арттыру бойынша ғылыми зерттеулер жүргізген ғалымдардың еңбектері сараланып, зерделенеді. Бастауыш мектептерде танымдық іс-әрекеттің басқа әрекет түрлерінен басты айырмашылығы – оқу-үйрету үдерісі кезіндегі оқушының білім алуға деген дербес іс-қимылдарын дамыту, сондай-ақ олардың сана-сезімінің өсіп-жетілуіне түрткі болатын танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін іздеу бойынша талдаулар жасалады. Бастауыш оқушысының жас ерекшелігі мен танымына негізделген танымдық біліктіліктердің қалыптастыру бойынша жан-жақты зерделеу жұмыстары жүргізілгендгі айтылады. Танымдық белсенділік мәселесі бойынша жүргізген зерттеулер оқушының жұмыс істеу барысында өздігінен жоспарлау, бағдарлау, тексеру және қорытынды жасау, шығармашылық ойлау қабілетін талап ететін әрекеттер тізбегі екенін көптеген ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып ой түйінделеді. Жалпы бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін денешынықтыру жаттығулары, соның ішінде арнайы жаттығулар арқылы қалыптастыру жолдарын қарастыру оңтайлы деген пікірлер айтылып, жеке тұлғаның дара, өзіндік ой санасын қалыптастыруға, жеке тұлғалық іс-әрекетін шыңдап, оны шығармашылық ізденіске бастайтыны анықталып отыр.