Қазақстандағы қазақ күрес спортшыларының жаттығу үрдісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері мен перспективалары
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_4_138Түйін сөздер:
қазақ күресі, спорт орталығы, тестілеу, жаттығу үрдісі, ғылыми қамтамасыз ету.Аннотация
Мақалада Қазақстандағы қазақ күресін оқытуды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етудің қазіргі жағдайы және жекпе-жек өнерінде қолданылатын қазіргі технологияларды шет мемлекеттерге енгізу перспективалары талданады; жақын және алыс шет елдердің ерекшеліктері мен тәжірибесі оқу және жарыс қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуде, әртүрлі елдердегі ғылыми спорт орталықтарының жұмысын ұйымдастыру құрылымы мен қаржыландыруда жинақталған. Қазақ күресі бойынша республикалық және шетелдік басылымдардағы ғылыми-әдістемелік басылымдардың нәтижелері жинақталған, келесі бөлімдерде қазақ күресі балуандарын дайындауды ғылыми қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін нақты ғылыми негізделген және тәжірибе жүзінде тексерілген шаралар ұсынылған: ұйымдастыру мәселелері; материалдық-техникалық қамтамасыз ету; ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету нәтижелерін жалпылау талаптары шеңберінде қазақ күресі мамандарының практикалық қызметіне одан әрі енгізе отырып, iс жүзінде сыналған іс – шаралар жиынтығы ұсынылады.