Интеллектуалды спорт түрлерімен шұғылданудың мектеп оқушыларының ақыл-ой қабілетіне ықпалы (Семей қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылары мысалында)

Авторлары

  • Айнур Шаймуратовна Кыдырмолдина Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
  • Махсат Тұрсынханович Кудагельдин Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
  • Ескендір Махсатұлы Тұрсынхан Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
  • Лаззат Ахметтуллаевна Оберкулова Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
  • Меруерт Малик Семей медицина университеті

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2024_1_101

Түйін сөздер:

интеллектуалды спорт, көру-моторлық реакция, Ландольт сақинасы, психофизиологиялық даму, ақыл-ой өнімділігі, зейін.

Аннотация

Мақала Семей қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 12-13 жас аралығындағы оқушылардың интеллектуалдық спорт түрлерімен шұғылдануы мен ақыл-ой қабілеттері арасындағы байланыс зерттелген. Жұмыста оқушыларды Ландольт сақинасы сынамасы арқылы олардың тапсырманы орындау дәлдігі коэффицентінің, ақыл-ой өнімділігінің коэффициентінің, көру ақпараты көлемінің және ақпаратты өңдеу жылдамдығының орташа көрсеткіштері қарастырылған. Алынған мәліметтерде интеллектуалды спорт түрлерінің (шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы) оқушылардың зейін, ақпаратты өңдеу жылдамдықтарына жағымды ықпал ететіндігі негізделген. Педагогика, психология, спорттық физиология ғылымдарының тоғысында орындалған зерттеу жұмысы бүгінгі таңда Қазақстанда күн тәртібінде тұрған әлеуметтік маңызы зор мәселенің бірі – халық денсаулығы мен білім беру мәселелеріне бағытталған. Мақала соңғы уақытта әлеуметтік өзгерістер мен білім беру мазмұнының жаңаруымен байланысты ерекше мәнге ие болып отырған оқушылардың ақыл-ой қабілеттерін сақтау, қолдау мен дамытудағы интеллектуалдық спортттың рөліне арналған.

 

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-25

Дәйек сөзді қалай келтіруге болады

Кыдырмолдина , А. Ш., Кудагельдин , М. Т., Тұрсынхан , Е. М., Оберкулова , Л. А. ., & Малик , М. (2024). Интеллектуалды спорт түрлерімен шұғылданудың мектеп оқушыларының ақыл-ой қабілетіне ықпалы (Семей қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылары мысалында). Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, 75(1), 101–107. https://doi.org/10.48114/2306-5540_2024_1_101