Дене шынықтыру, дені сау ұрпақты қалыптастырудың қажетті шарты ретінде
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2024_2_117Түйін сөздер:
дене шынықтыру, ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайлар, жаңартылған білім беру жүйесі.Аннотация
. Бұл ғылыми зерттеудің мақсаты нормативтік-құқықтық базадағы және жаңартылған білім беру жүйесі жағдайындағы маңызды өзгерістерді ескере отырып, дене шынықтырудың мақсаттары мен міндеттерін іске асыру мәселесін зерттеу болды. Мақалада үйлесімді дамыған және дені сау тұлғаны қалыптастырудың маңызды факторларының бірі ретінде дене шынықтыру мен спорттың рөлі мен маңыздылығы көрсетілген, Қостанай өңіріндегі оқушылардың дене белсенділігіне деген көзқарас тенденциялары қарастырылған, зерттеу тақырыбы бойынша 2010, 2016 және 2022 жылдардағы статистикалық деректерге салыстырмалы талдау жасалған. Статистикалық деректерді талдау, сондай-ақ Қостанай өңірінің жалпы білім беру мекемелері мұғалімдерінің пікірлерін талдау негізінде білім беру жүйесіндегі дене шынықтырудың қазіргі жай-күйінің кейбір мәселелері және оларды еңсерудің ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттары тұжырымдалған.