Балуанның күрес әдіс-айлаларын меңгеруінің сандық көрсеткішімен, спорттық жарыстарда әдіс-айланы қолданудың өзара байланысын негіздеу

Авторлары

  • Елемес Алимханович Алимханов ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
  • Мелекша Османович Мырзаев С.Сейфуллин атындағы Агротехникалық зерттеу университеті
  • Токтасын Сейсенбаевич Бекболатов ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
  • Нұрғалым Байназарұлы Теміров ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
  • Тоқтар Исатайұлы Гусманов ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2024_1_136

Түйін сөздер:

спорттық күрес, жаттығу топтары, балуан, әдіс-айла, сынақтар, сандық және сапа көрсеткіштері.

Аннотация

Мақалада грек-рим, еркін күрес, дзюдо балуандарының күрес әдіс-айлаларын меңгерулерінің сандық дәрежесімен, оны спорттық жарыстарда қолдану арасындағы байланыс зерттеледі. Қазақстандағы спорт мектептеріне арналған мемлекеттік құжаттар, шешімдер, оқыту-жаттықтыру бағдарламалары  сарапталып, құжаттарда күрес түрлері бойынша жаттықтыру топтарының ерекшеліктеріне негізделген күрес әдістерінің түрлері мен оны үйретудің сандық және сапалық талабына арналған нормативтік көрсеткіштер  реттелмегені көрсетіледі. Зерттеу барысында алынған деректерге сүйене отырып жасалған талдаулар, спорт мектептерінде жаттығатын балуандардың күрес әдіс-айлаларын меңгерулерінің  сандық көрсеткіштері аз екендігі анықталған. Спорттық күрестер бойынша әдістерді жүйелеу, топтаудың нұсқалары беріліп, балуандар даярлауда қолданудың жолдары көрсетіліп ұсыныстар беріледі. Маман жаттықтырушылар арасында жүргізген  сұрақ жауап нәтежиелері көрсеткендей, балуан даярлауда күрес әдіс-айлаларын неғұрлым көп үйретудің пайдалы екендігін көпшілік мамандар қолдайтындығы анықталған және оны міндетті түрде тәжрибеге енгізу қажет деп санайды. Қазақстандағы спорт мектептеріндегі балуан даярлайтын оқу-жаттығу топтары ерекшеліктеріне негізделген  балуанды келесі даярлық тобына ауыстыру талаптарына арналған  күрес әдістерін меңгерудің саны мен сапасының нормативтік көрсеткіштерін енгізу ұсынылады. Балуандардың күрес әдістерін меңгерулері дәрежесімен, күрес әдіс-айлаларын спорттық жарыстарда  қолдану мүмкіндіктерінің арасында тығыз байланыс бар екендігін анықтай отырып, балуанның жарыстарда жақсы көрсеткіштерге жетулеріне ықпалы бар деп санайды. Зерттеу бойынша балуандардың әдістерді меңгерулерінің сандық көрсеткішін  көбейту арқылы, балуанның спорттық жарыстарда  жақсы нәтежиелерге жетуге мүмкіндігін арттыруға болады деген болжамның дұрыстығы анықталған.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-25

Дәйек сөзді қалай келтіруге болады

Алимханов, Е. А., Мырзаев , М. О., Бекболатов , Т. С., Теміров , Н. Б., & Гусманов , Т. И. (2024). Балуанның күрес әдіс-айлаларын меңгеруінің сандық көрсеткішімен, спорттық жарыстарда әдіс-айланы қолданудың өзара байланысын негіздеу. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, 75(1), 136–143. https://doi.org/10.48114/2306-5540_2024_1_136

Шығару

Бөлім

СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҒУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають