Ауыл мектебінде жұмыс істеу үшін болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің дене дайындығын жетілдіруін ұйымдастыру
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2024_1_27Түйін сөздер:
дене шынықтыру, дене дайындығы, дене шынықтыру мұғалімі, кәсіптік іскерлік пен дағдылар, ауыл мектебі.Аннотация
Мақалада ауыл мектебіндегі кәсіби еңбек ету үшін болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің дене дайындығын жетілдірудің жетекші факторлары мен мотивтері қарастырылады. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде эксперименттік топқа қатысушылардың өзіндік практикалық қызметін түсіну, орындау, талдау және болжау деңгейінде аналитикалық, әдістемелік, коммуникативтік, ұйымдастырушылық сипаттағы дағдыларының өсуі тіркелді. Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің ауыл мектебінің жағдайына кәсіби дайындығын қалыптастыру процесінің педагогикалық құралы ретінде жеке тұлғаның дене тәрбиесі туралы кәсіби-педагогикалық білімді біріктіруді, физикалық өзін-өзі жетілдіруді ұйымдастыруды, проблемалық оқу-танымдық, педагогикалық және зерттеу міндеттері арқылы әдістемелік дайындықты жандандыруды көздейтін арнайы бағдарлама мен әдістеме болып табылады. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері бойынша мақала авторлары болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің ауыл мектептері жағдайында жұмыс істеуге қалыптасқан кәсіби дайындығы қазіргі қоғамның қажеттіліктеріне жауап береді және тәжірибеде сәтті жүзеге асырылады деген қорытындыға келді.