Дзюдоның заманауи күресіндегі спорттық іріктеу мен жетістіктердің даму тенденциялары

Авторлары

  • S. Bakhtiyarova Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Орал қ., Қазақстан
  • R. Ispulova Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал қ., Қазақстан
  • N. Baitlessova Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал қ., Қазақстан
  • K. Dinguatov Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал қ., Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2021_4_13

Түйін сөздер:

дзюдо, спорттық дайындық, іріктеу, жетістік, жаттықтырушы, жарыстар, ерте спорттық мамандандыру

Аннотация

Мақалада қазіргі кезеңде жоғары білікті дзюдошылардың спорттық дайындығы мәселелеріне арналған шетелдік ғалымдардың ғылыми мақалаларын талдау нәтижелері берілген. Оқу-жаттығу процесін жетілдірудің басым бағыттары анықталды; Испания, Англия, Бразилия, Хорватия, АҚШ, Жапония, Франция және Германияның жетекші жаттықтырушыларының пікірлері көрсетілген. Дзюдошылардың спорттық жарыстардағы тиімділігін болжау мүмкіндіктері мен өнер көрсетудің табысты болуына әсер ететін факторлар ашылды. Күрес саласы мамандарының кеңінен талқылайтын мәселелері  ерте спорттық мамандану және жарыстар алдында тез салмақ жоғалтудың дзюдошылардың дене дайындығына әсер ету мәселелері екені көрсетілген. Дзюдошылардың спорттық жетістігіне заманауи көзқарастарда жаттықтырушылар тарапынан «спортқа қабылдау» және «спорттық іріктеу» сияқты ұғымдарды дұрыс түсіну белгілі рөл атқаратыны баса айтылады. Дзюдодан жаттықтырушылар үшін басым бағыттар анықталды: спорттық іріктеуде; потенциалды дарынды балаларды анықтауда; орталықтандырылған дайындыққа перспективалы дзюдошыларды тартуда; ұлттық құрамаларды іріктеу критерийлері. Сондай-ақ, мақалада дзюдошылардың спорттық жарыстарда жоғары спорттық нәтижелерге жету үшін олардың ақыл-ой мүмкіндіктерін ескере отырып, максималды дене дайындығына қол жеткізуге болатын жас деңгейлеріне назар аударылады.

Авторлардың өмірбаяны

S. Bakhtiyarova, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Орал қ., Қазақстан

аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі

e-mail: sayagul.bakhtiyarova@mail.ru

ORCID ID: 0000-0002-4713-9021

R. Ispulova, Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал қ., Қазақстан

педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор,

Ispulova_Roza@mail.ru

N. Baitlessova, Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал қ., Қазақстан

 PhD докторы

K. Dinguatov, Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал қ., Қазақстан

2 курс магистранты

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

Жүктеулер

Жарияланды

2021-12-30

Дәйек сөзді қалай келтіруге болады

Bakhtiyarova, S., Ispulova, R., Baitlessova, N., & Dinguatov, K. (2021). Дзюдоның заманауи күресіндегі спорттық іріктеу мен жетістіктердің даму тенденциялары. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, 66(4), 13–18. https://doi.org/10.48114/2306-5540_2021_4_13

Шығару

Бөлім

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫНДА МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ