ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ СТУДЕНТТЕРІНЕ АДАМ АНАТОМИЯСЫН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ СТУДЕНТТЕРІНЕ АДАМ АНАТОМИЯСЫН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2021_4_34Түйін сөздер:
дене шынықтыру, спорт, адам анатомиясы, кәсіби қызмет.Аннотация
«Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасына жасалған талдаулардан студенттердің білім деңгейіне қойылатын талаптардың ішінде: дене шынықтыру сабақтарының медициналық-биологиялық және психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін, мектептегі көпшілік және базалық спорт түрлерін жетілдіру; жасына, жынысына, спорттық біліктілік деңгейіне байланысты ағзаның физиологиялық мүмкіндігі мен ағзаға түсетін күштің сәйкестігін талдау; дене және спорттық даярлығын оңтайландыру, сыртқы ортаның табиғат жағдайларын, медициналық-биологиялық бақылауды тиімді пайдалану; кәсіби қызметте теориялық білімдерді қолдана алу біліктері мен дағдыларын меңгеру, педагогикалық қызмет нәтижесіне жауапкершілікпен қарау және басқа да құзыреттіліктерді байқауға болады. Аталған құзыреттіліктердің мазмұнын жүйелеп қарайтын болсақ, «Дене шынықтыру және спорт» мамандарының адам анатомиясынан, адам физиологиясынан, психологиясынан теориялық және практикалық білімі болуы керектігін байқауға болады. Білім және ғылым министрлігінің Қазақстандағы ЖОО-ның академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелеріне өзгерістер туралы заңнамасына сәйкес ЖОО-дары білім беру бағдарламаларын мамандарды дайындайтын кафедралар дербес жасайды. Білім беру бағдарламаларын қалыптастыруда білім алушылардың, жұмыс берушілердің ұсыныстары ескеріледі. Дегенмен, аталған дербестіктің көптеген оңтайлы жақтары болғанымен, Қазақтанда бірдей маманды дайындап отырған университеттердің білім беру бағдарламасындағы пәндер, олардың академиялық кезеңдері, мазмұны арасында қарама-қайшылық бар. Бұл назар аударарлық өзекті мәселе болып табылады.