Жас футболшылардың жүйке жүйесінің қасиеттерін теппинг сынамасымен бағалау

Авторлары

  • Sh. Balgimbekov Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті; Алматы қ., Қазақстан Республикасы
  • E. Muhiddinov Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті; Алматы қ., Қазақстан Республикасы
  • E. Akikat «ҚАЗНҰР» гуманитарлық колледжі; Алматы қ., Қазақстан Республикасы.

DOI:

https://doi.org/10.48114/

Түйін сөздер:

жас футболшылар, жүйке жүйесі, теппинг сынамасы, футбол, оқу-машықтану үрдісі.

Аннотация

Мақала мектеп жасындағы балалар мен жастардың спортпен айналысу барысында аса маңызды, әрі өзекті мәселенің бірі – жүйке жүйесінің жеке-дара типологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған. Авторлар жас футболшылардың жүйке жүйесінің күшін қарапайым және қолжетімді теппинг сынамасымен зерттеп, бағалау әдісін дене шынықтыру оқытушылары мен жаттықтырушыларға ұсынып отыр. Теппинг сынамасымен зерттеуден өткен 10-15 жас аралығындағы футболшылардың 28%-ның жүйке жүйесі – «күшті», 33%-ның – «орташа-күшті», 25%-ның – «орташа-әлсіз», ал 14%-ның жүйке жүйесінің күші «әлсіз» - деп бағаланды. Зерттеу нәтижесінде жүйке жүйесінің негізгі қасиеттерінің балалардың жасына сай айырмашылықтары бар екендігі анықталды. Зерттеуге қатысқан жас футболшылардың теппинг сынамасын орындау нәтижелерін салыстырмалы талдау футбол спортымен шұғылданудың балалар мен жасөспірімдердің жүйке жүйесінің қызметінің дамуына оң әсер етіп, негізгі қасиеттерінің біртіндеп жоғарылауына себепші фактордың бірі екендігін көрсетті. Теппинг сынамасының нәтижелерін жас спортшылардың оқу-машықтану үрдісін ұйымдастыру мен оларды жарыстарға дайындауда ескеру қажет.

Авторлардың өмірбаяны

Sh. Balgimbekov, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті; Алматы қ., Қазақстан Республикасы

медицина ғылымдарының докторы, профессор

ORCID: https://orcid.org/0000-0002-9856-8096

E. Muhiddinov, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті; Алматы қ., Қазақстан Республикасы

педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор

E. Akikat, «ҚАЗНҰР» гуманитарлық колледжі; Алматы қ., Қазақстан Республикасы.

дене тәрбиесі мұғалімі

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

Жүктеулер

Жарияланды

2021-12-30

Дәйек сөзді қалай келтіруге болады

Balgimbekov, S., Muhiddinov, E., & Akikat, E. (2021). Жас футболшылардың жүйке жүйесінің қасиеттерін теппинг сынамасымен бағалау. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, 66(4), 57–64. https://doi.org/10.48114/

Шығару

Бөлім

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ