Жасөспірім баскетболшыларды жарысқа дайындау барысында әдіс-тәсілдік әрекеттерінің есебін (бақылау) жүргізу әдістері

Авторлары

  • Жандос Мергенбайұлы Есіркепов Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • Болат Ізтілеуұлы Құрманбаев Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • Алмас Қазыбекұлы Анарбаев Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • Шеризат Ниеталыұлы Қуатбеков Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
  • Нағашбек Келесбекұлы Жилисбаев Халықаралық туризм және меймандостық университеті

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2024_2_127

Түйін сөздер:

баскетбол, әдіс-тәсілдік әрекет, оқу-жаттығу процесі, спорт үйірмесі.

Аннотация

Бұл мақалада еліміздегі жасөспірімдер арасында баскетбол спортының даму қарқыны мұқият зерттеліп, дене шынықтыру мұғалімдерімен сұхбат жүргізу арқылы мектептерде баскетбол үйірмесінің тиісті деңгейде жүргізілмеуі мәселе ретінде қарастырылады. Ал, жүргізіліп жатқан баскетбол үйірмелеріндегі жасөспірім баскетболшылардың жарыстар алдындағы әдіс-тәсілдік әрекеттерін шынайы бағалау үшін есепке алудың (бақылаудың) ең тиімді нұсқасы ұсынылады. Жаттықтырушыға бұл әдісті қолдану арқылы күнделікті оқу-жаттығу үдерісіне өзгерістер енгізіп, баскетболшылардың шеберлігін арттырып, артықшылықтары мен кемшілік тұстарын бақылап отыруға үлкен мүмкіндік туатындығы баяндалады. Отандық және шетелдік ғалымдардың осы тақырып аясындағы еңбектеріне жан-жақты талдау жүргізіліп, ойын барысында ойыншылардың әдіс-тәсілдік әрекеттерін жазудың әртүрлі әдістерін (графикалық жазба, бейнежазба, стенографиялық жазба) қолдануға болатындығы зерделенді. Авторлар ұсынған есепке алу (бағалау) карточкасы арқылы жасөспірім баскетболшының әдіс-тәсілдік әрекеттері және команданың шабуыл мен қорғаныстағы қимыл әрекеттерінің саны мен сапасын анықтап, жалпы және арнайы дене дайындықтары мен дене қабілеттерінің әлсіз тұстарын жетілдіру бағытында оқу-жаттығу процесін дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаттықтырушы оқу-жаттығу сабақтарында жасөспірім баскетболшыларды жауапты жарыстарға дайындау барысында әдіс-тәсілдік әрекеттерді монотонды емес, жаттығуларды түрлендіріп, үнемі өзгертіп, спортшылардың әдіс-тәсілдік әрекеттерінің есебін жүргізуді негізге алып отырса үздік нәтижеге жетуге болатындығы тәжірибе жүзінде дәлелденеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-14

Дәйек сөзді қалай келтіруге болады

Есіркепов , Ж. М., Құрманбаев , Б. І. ., Анарбаев , А. Қ., Қуатбеков , Ш. Н., & Жилисбаев , Н. К. (2024). Жасөспірім баскетболшыларды жарысқа дайындау барысында әдіс-тәсілдік әрекеттерінің есебін (бақылау) жүргізу әдістері. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, 76(2), 127–137. https://doi.org/10.48114/2306-5540_2024_2_127

Шығару

Бөлім

СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҒУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають