Студенттерінің білім беру процесінде дербестендіру қағидатын іске асыру шарттары (педагогикалық мамандықтар мысалында)
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2024_3_27Түйін сөздер:
жеке тұлға, педагог, студент, кәсіби қызмет, дербестендіру, құзыреттілік, дене шынықтыру және спортАннотация
Зерттеуде өзекті қоғамдық құбылыс болып табылатын білім беру саласына дербестендіру қағидатын енгізу туралы мәселе қаралады. Осы проблеманың мәні әртүрлі ғылыми бағыттарда қаралды, адамның сипаттамалары, мүмкіндіктері ашылды, өз қызметінде тілектерін іске асырды, даралығын көрсетті.
Мақаланың мақсаты «білім беруді дербестендіру» ұғымын жинақтау және болашақ педагогтардың білім беру практикасына дербестендіру қағидаты идеясын енгізу болып табылады. Мақаланың авторлары студенттердің дене тәрбиесі процесінде дербестендіру қағидатының педагогикалық өзектілігін негіздейді.
Әдеби дереккөздерді, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының тәжірибесін зерделеу, сондай-ақ жүргізілген зерттеу деректерін талдау нәтижесінде жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби және құзыреттілік өсуі шеңберінде олардың жеке дамуына ықпал ететін дербестендіру қағидатын енгізу үшін алғышарттар айқындалды және дәлелденді.
Мақаланың авторлары бағдарламасын әзірледі, оның негізінде студенттердің дене тәрбиесі процесін дербестендіру қағидатын іске асыру негізделген. Оның тәжірибелік апробациясы оң нәтиже берді. Эксперименттік топтың студенттерінде дене дайындығы мен қозғалыс белсенділігінің көрсеткіштері едәуір артты.