Керлингистердің кинестетикалық қабілеттерін алғашқы мамандандырылған дайындық топтарында бағалау және тәрбилеу
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2021_4_98Түйін сөздер:
балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, бастапқы мамандандырылған дайындық кинестетикалық қабілеттерАннотация
Бұл мақалада кёрлингпен айналысатын 9-11 жас аралығындағы бастапқы мамандандырылған дайындық топтарында арнайы кинестетикалық үйлестіру қабілеттерін бағалауға арналған тесттер көрсетілген. Ұсынылған мақаланың негізгі мақсаты – керлингте кинестикалық қабілеттерді дамытуға бағытталған кешенді оқыту бағдарламасын дайындау және ғылыми түрде негіздеу. Кёрлингтегі кинестетикалық қабілеттердің маңызы техникалық әрекеттерді орындау кезінде ойнаушылардың өз күштерін көрсетілген тас салмағына дәл мөлшерлеумен ескеріліп, тастың қылшақ бойымен шығарылуына аса мен беріледі. Бұл бағдарлама Петропавл қаласындағы К. Байболов атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде апробациядан өтіп жатыр. Жаттығу бағдарламасы үнемі әр түрлі элементтермен толықтырылады. Кёрлингке дайындау процесінде кинестетикалық үйлестіру қабілетін дамытудың эксперименттік әдістемесін енгізу физикалық дайындық деңгейін жоғарылатып қана қоймайды, сонымен қатар бәсекеге қабілетті жаттығуларды орындау техникасын сәтті меңгеруге жақсы негіз жасайды деп болжануда.