Спорт университетінде халықаралық білім беру кәсіби ынтымақтастық холдингінің жұмысын ұйымдастырудағы шет тілдері кафедрасының рөлі мен маңызы
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2024_4_39Түйін сөздер:
білім беру холдингі, халықаралық білім беру кәсіптік кооперациясы, спорт индустриясы, шет тілдер кафедрасы, гетерархия функцияларыАннотация
Қазіргі әлемде спорт саласындағы халықаралық кәсіби және білім беру ынтымақтастығының контурлары кең ауқымда түбегейлі өзгеруде. Осыған байланысты, спорт университеттері осындай ынтымақтастықтың инновациялық траекторияларын жобалаудың флагманы ретінде әрекет етеді, бұл осы жұмысқа жауапты бөлімшелер қызметінің құрылымы мен мазмұнын нақты анықтауды талап етеді. Атап айтқанда, халықаралық кәсіптік-білім беру ынтымақтастығы холдингтерін құру және олардың функцияларын айқындау маңызды мәселе болып отыр. Мақаланың мақсаты - спорт университетіндегі халықаралық кәсіби өзара іс-қимыл холдингін жобалаудың теориялық негіздерін анықтау және осы процесте Шет тілдері кафедрасының рөлін анықтау. Ақпараттық көздерді талдау әдістері, педагогикалық жобалау, сараптамалық бағалау әдісі қолданылды. Нәтижесінде авторлар халықаралық ынтымақтастықтың контурын анықтайтын ЖОО-ның құрылымдық бөлімшелерінің кешенін құрды, олардың қызметі қызмет бағыттарына сәйкес анықталды және негізделген. Холдинг құрылымындағы негізгі элемент – щет тілдері кафедрасы айқындалды және спорттық ЖОО-ның халықаралық ынтымақтастығының тиімділігін арттыру үшін функциялардың маңыздылығына эмпирикалық бағалау жүргізілді, Холдингтің қызметінің өзекті және болжамды бағыттарына сәйкес оның құрылымдық элементтері функцияларының гетерархиясы әзірленді және негізделді.