Оқу үдерісіндегі самбошылардың дайындық түрлерінің әдістемесі (дене және психологиялық дайындықтары мысалында)
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2024_4_47Түйін сөздер:
оқу үдерісі, жаттықтыру, спорт, дене және психологиялық дайындық, самбошылар, білім беру мекемелеріАннотация
Мақалада балалар мен жасөспірімдердің самбо күресімен айналысуына мүмкіндік жасау жолдары жайлы айтылған. Жалпы білім беретін мекемелерде отырықшы өмір салтына бейімделіп қалған балалар мен жасөспірімдерді самбо күресін үйрету арқылы ағзаларының шынығу қажеттіліктері туындауда. Самбо күресімен айналысу арқылы дене дайындықтарын жетілдіру, білім беру мекемелері мен спорттық мектептердің оқу үдерісінде жалпы және арнайы дене дайындықтарын психологиялық дайындық арқылы үйлестіре отырып, өскелең ұрпақтың шымыр, қуатты, жан-жақты даярланған, елін-жерін сүйетін патриот болып өсуіне жағдай жасайды, жастардың мотивациясы артады. Самбомен айналысушы жастардың психологиялық дайындығының дамуы, ол – күш-қайратын зиянды, жағымсыз әрекеттерден ада болып, үлкендердің көмекшісі, кішілерге қорған бола алатын адами қасиеттерін оятып, жолдастық пен бауырлық сезімдерін өн бойларында дамытады. Жоғарыда көрсетілген білім ошақтарында самбо күресін жүргізуші дене шынықтыру мұғалімдері мен бапкер мамандар үшін оқу-жаттықтыру үдерісінде пайдалануға болатын әдістемелік нұсқау ретінде ұсынуға болады.