ЖОО студенттерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы WHOQOL-BREF (Kaz) шкаласы көрсеткіштерін талдау
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2025_3_34Түйін сөздер:
WHOQOL-BREF (өмір сапасының шкаласы), өмір сапасы, дене белсенділігі, психологиялық тұрақтылық, әлеуметтік орта, салауатты өмір салтыАннотация
Мақалада студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыру ерекшеліктері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының WHOQOL-BREF (KAZ) шкаласы негізінде талданды. Бұл құрал өмір сапасын кешенді бағалауға мүмкіндік береді: денсаулық жағдайын, дене белсенділігін, психологиялық тұрақтылықты, әлеуметтік қатынастарды және қоршаған ортаны. Аталған көрсеткіштер студенттердің өз денсаулығына көзқарасын, өзін-өзі сақтау дағдыларын және салауатты өмір салтын қалыптастыру деңгейін сипаттайды. ЖОО-дағы оқу кезеңі олардың болашақ кәсіби және әлеуметтік бейімделуіне айтарлықтай әсер ететін шешуші кезең болып табылады. Осы уақытта қалыптасқан пайдалы әдеттер (спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден бас тарту, эмоционалдық тұрақтылықты дамыту) өмір бойына сақталуы мүмкін. Талдау нәтижелері студенттердің өмір сапасын арттыруда психологиялық тұрақтылық пен әлеуметтік қолдаудың маңызы зор екенін көрсетті, сонымен қатар олардың дене белсенділігі мен тамақтану мәдениетінің жеткіліксіздігі анықталды. Алынған деректер университеттік білім беру жүйесінде студенттердің физикалық, психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын нығайтуға бағытталған бағдарламалар мен іс-шараларды әзірлеуге теориялық және практикалық негіз бола алады.