Олимпиадалық қозғалыстың теориялық-әдіснамалық талдауы және оның тарихи аспектісі

Авторлары

  • Бауржан Доскараев М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
  • Сауле Сыздыкова Астана медицина университеті
  • Бибисара Жолдасбекова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
  • Умирали Турыскулов Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
  • Сейтбек Кульбаев Өзбекәлі Жанибеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2025_4_6

Түйін сөздер:

олимпиадалық білім беру, педагогикалық модель, инклюзивтілік, ұлттық бірегейлік, этноспорттық модель.

Аннотация

Зерттеудің мақсаты әлемдік және Қазақстан Республикасындағы олимпиадалық қозғалыстың эволюциясын педагогикалық феномен ретінде тұжырымдамалық тұрғыдан талдау болды. Жұмыс теориялық-талдамалық тәсіл мен халықаралық және ұлттық нормативтік актілер мен ғылыми жарияланымдарға құрылымдық контент-талдау негізінде орындалды. Құжаттар корпустары арасындағы айырмашылықтар χ² және Манн–Уитни статистикалық критерийлері арқылы тексерілді. Зерттеу нәтижесінде Қазақстандағы дене тәрбиесінің тарихи трансформациясы тәртіптік-мобилизациялық функциялардан (ерте кезеңдерде) орталықтандырылған даярлыққа (1950–1980 жж.) және, ақырында, 1991 жулане кейінгі гуманистік бағыттағы модельге көшуін қамтығаны анықталды. Санаттық талдау айтарлықтай әртектілікті көрсетті: жаһандық құжаттар корпусында «олимпиадалық білім беру» (кодтардың 30,2%) басым болса, қазақстандық дереккөздерде «педагогикалық модельдеу» (24,0%) және «ұлттық спорттық бірегейлік» (21,0%) категориялары жиі кездесті (p <0,05). Зерттеу олимпиадалық (әмбебап нормалар, халықаралық легитимация) және этноспорттық (мәдени сабақтастық, ұлттық бірегейлік) даярлықтың екі моделінің қатар өмір сүретінін көрсетті. 2020–2025 жылдарға арналған дене шынықтыру және спорт дамытудың кешенді жоспарының стратегическилық бағыттарын гуманистік педагогика қағидаларына сәйкестендіру нәтижесінде «тұлғаны дамыту» (90% пен 95%) және «мәдение пен дәстүрлер» (85% пен 90%) блоктары бойынша жоғары үйлесімділік анықталды, алайда инклюзивтілік пен этикалық тәрбиелеу көрсеткіштері төмен болды.Олимпизм құндылықтарын іске асырудағы негізгі кедергілер ретінде инфрақұрылымдық әркелкілік, кадр тапшылығы және нормативтік-бюджеттік шектеулер анықталды. Алынған нәтижелер олимпиадалық педагогика курстарын жобалау мен білім беру стандарттарын нақтылау барысында қолданылуы мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-27

Шығару

Бөлім

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫНДА МАМАНДАР ДАЯРЛАУ

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають