Ұлттық қозғалмалы ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудағы модульдік оқыту технологиясы
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2022_1_58Түйін сөздер:
Бастауыш сынып, ұлттық қозғалмалы ойындар, дене шынықтыру сабағы, модель, танымдық белсенділік, технология.Аннотация
Ғылыми жұмысты зерттеу барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділіктерін дене шынықтыру сабақтарында ұлттық-қозғалмалы ойындар арқылы қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері айқындалды. Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділіктерін дене шынықтыру сабақтарында ұлттық-қозғалмалы ойындар арқылы қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздерін айқындауда, баланың ой өрісін, танымын дамыту барысында ұлттық ойындардың маңызының зор екенін және баланың шығармашылық қиялын, қабілетін, тілін дамытуда да ойынның айрықша маңызы бар екендігін, педагог ғалымдардың ұлттық ойындардың мән-маңызы туралы пікірлері талданды. Теориялық-әдіснамалық негіздерге бағдарлану арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділіктерін дене шынықтыру сабақтарында ұлттық-қозғалмалы ойындар арқылы қалыптастырудың моделі жасалды. Бұл модель бізге осы қалыптастырудың құрамдас бөліктерін анықтауға, технологиясын жасауға, ұйымдастыру кезеңдері мен формаларын, әдіс-тәсілдерін, өлшемдері мен көрсеткіштерін айқындауға, диагностикалық құралдарын таңдауға және олардың барлығын бір құрылымға жинақтап, оған сәйкес жүйелі іске асыруға мүмкіндіктері қарастырылды.