Футбол ойнау дағдыларын қалыптастыру әдістемесі (мектеп оқушылары материалдары негізінде)
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2026_1_202Түйін сөздер:
футбол ойнау дағдылары, орта мектеп оқушылары, әдістемелік тәсілдер, техникалық дайындық, шағын құрамды ойындар, дене сапалары.Аннотация
Аталған мақала орта мектеп оқушыларында футбол ойнау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған әдістемелік тәсілдерді теориялық тұрғыдан негіздеуге және олардың педагогикалық тиімділігін тәжірибе жүзінде анықтауға арналған. Футбол техникасы мен тактикалық әрекеттерді меңгеру оқушылардың жас ерекшеліктеріне, қозғалыс үйлесімділігіне, мотивациялық деңгейіне және оқу-жаттығу жүктемесінің жүйелілігіне тәуелді екені ескерілді. Зерттеу барысында орта буын оқушыларына арналған 12 апталық авторлық оқу-жаттығу бағдарламасы әзірленіп, оған кезеңдендірілген, вариативті және ойындық сипаттағы әдістемелік тәсілдер енгізілді. Бағдарлама техникалық дағдыларды (доп жүргізу, пас беру, допты тоқтату, қақпаға соғу), тактикалық ойлауды, кеңістікті бағдарлауды және негізгі дене сапаларын кешенді дамытуға бағытталды. Педагогикалық эксперимент барысында эксперименттік және бақылау топтарының көрсеткіштері салыстырылып, ұсынылған әдістемелік тәсілдердің тиімділігі бағаланды. Зерттеу нәтижелері эксперименттік топта техникалық дәлдік, тактикалық шешім қабылдау жылдамдығы, қимыл-қозғалыс мәдениеті мен дене дайындық деңгейінің айтарлықтай жоғары қарқынмен артқанын көрсетті. Алынған деректер ғылыми негізделген әдістемелік тәсілдер жүйесінің мектеп жағдайында футбол ойнау дағдыларын кешенді қалыптастыруда және оқушылардың спорттық белсенділігін арттыруда маңызды педагогикалық әлеуетке ие екенін дәлелдейді.Жүктеулер
Жарияланды
2026-03-22
Шығару
Бөлім
СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҒУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ